📍 Ауыл шаруашылығы күні

📍 Ауыл шаруашылығы күні

4 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінің концерт залында ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Аудан әкімі Рахат Смағұлов құттықтау сөз сөйлеп, саланың маңыздылығын атап өтті, барлық жер еңбеккерлеріне алғысын білдіріп, олардың күнделікті еңбегі өңірдің әл-ауқатын қалыптастыратынын ерекше атап өтті.

Іс-шара аясында марапаттау рәсімі өтті.
Жоғары облыстық және республикалық наградалармен, Құрмет грамоталарымен, медальдармен және алғыс хаттармен ондаған ауыл шаруашылығы қызметкерлері: механизаторлар, агрономдар, жүргізушілер, диспетчерлер, саланың ардагерлері, шаруа қожалықтарының басшылары мен агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына зор үлес қосып жүрген мамандар марапатталды.

Сондай-ақ табысталды:
— «Еңбек ардагері», «Елеулі еңбек үшін», «Құрметті ардагер» медальдары,
— «Еңбек Даңқы» төсбелгісі,
— ауылдық округтерді абаттандыруға арналған сертификаттар,
— LOVOL және МТЗ-82 жаңа тракторларының кілттері ьабысталды.
Бұл күн өз өмірін жерге арнаған адамдардың еңбегіне шынайы құрмет көрсету күні болды.

🌾 Қонақтар үшін мазмұнды әрі жарқын бағдарлама ұсынылды:
▫️ ауданның аграрлық дамуы туралы тақырыптық бейнеролик,
▫️ үздік шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі,
▫️ Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концерт,
соның ішінде арнайы қонақ — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ӘМRЕ.

Фойеде барлық қатысушыларға бірлік, жылылық және үлкен мереке атмосферасын сыйлаған арнайы фотозона жұмыс істеді.

Барлық ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!