2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
| Мемлекеттік әлеуметтік | |||||
| тапсырысты қалыптастыру, | |||||
| оның іске асырылу | |||||
| мониторингі және нәтижелерін | |||||
| бағалау қағидаларына | |||||
| 1-қосымша | |||||
| 2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат | |||||
| № | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы | Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) | Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме | Халықтың нысаналы тобы | Күтілетін нәтиже |
| 1 | Пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтендіру жөніндегі іс шараларды ұйымдастыру | 400,0 | Ұлт жоспары - 100 нақты қадам 5 институционалдық реформа бойынша 100 қадам 5 президенттік реформа: II. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету 33-қадам. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін құру. Мұндай азаматтар үшін ӘЛЕУМЕТТІК ОҢАЛТУДЫҢ КЕШЕНДІ СТРАТЕГИЯСЫН және арнаулы әлеуметтік қызметтер стандартын әзірлеу. | Мағжан Жұмабаев ауданының пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар | Табысты қайта әлеуметтену (адамды қоғамдағы қалыпты өмірге қайтару) және қылмыстың қайталануын болдырмау. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен негізгі оңалту міндеттерін шешу (қайталанған қылмыстың алдын алу (қайталанудың алдын алу), еңбекке бейімделу және экономикалық тәуелсіздік, психологиялық және құқықтық көмек, әлеуметтік байланыстар мен отбасын қалпына келтіру, гуманитарлық және материалдық қолдау). Адамды маргиналдан заңға бағынатын салық төлеушіге айналдыру, қаладағы және көшедегі пенитенциарлық жүйеге жүктемені азайту және барлық азаматтар үшін қауіпсіздік. |
| 2 | "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" жобасын іске асыру шеңберінде аға буын адамдарға (зейнеткерлік жастағы адамдарға) қолдау көрсету | 2000,0 | "Қарт азаматтардың жағдайын жақсарту жөніндегі 2029 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 319 бұйрығы. 2 тармақ қызмет көрсету стандартының жобаларын және белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары қызметінің қағидаларын әзірлеу | зейнеткерлік жастағы адамдар | Әлеуметтену, білім беру, психологиялық, сауықтыру, спорттық және бос уақытты өткізу арқылы аға буын адамдарының белсенді өмір салтын қолдау. Аға буын адамдары арасындағы достық байланыстарды нығайтуда нәтижелерге қол жеткізудегі әлеуметтік әсер, қарым-қатынас пен өзара қолдау үшін жағдай жасау, белсенді қоғамға жату, қоғамның дана, белсенді және шабыттандыратын мүшесі ретінде қарт адамның жағымды бейнесін сақтау. |
7
Жарияланған күні
22 қазан 2026 10:48
Жаңарту күні
22 қазан 2026
Бағыттар