Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің шешімі жобасын жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Жоба Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 20/3 және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 415 бірлескен шешімі мен қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының тұрақты халқы елу адамнан кем мынадай әкімшілік-аумақтық бірліктері Мамлют ауданы Белов ауылдық округі Чистое ауылының құрамына енгізе отырып, Мамлют ауданы Белов ауылдық округінің Сливное ауылы;
Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі Новомихайловка ауылының құрамына енгізе отырып, Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің Катанай ауылы;
Мамлют ауданы Пригородный ауылдық округі Покровка ауылының құрамына енгізе отырып, Мамлют ауданы Пригородный ауылдық округінің Красный Октябрь ауылы;
Мамлют ауданы Пригородный ауылдық округі Покровка ауылының құрамына енгізе отырып, Мамлют ауданы Пригородный ауылдық округінің 2591 км аялдама пункті;
Мамлют ауданы Станов ауылдық округі Афонькин ауылының құрамына енгізе отырып, Мамлют ауданы Станов ауылдық округінің Новоукраинка ауылы таратылуына байланысты
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 12 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің шешімі жобасы (әрі қарай-жоба) әзірленді.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы — ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет — порталында
https://legalacts.egov.kz/list?governmentId=2021916
2025 жылғы 05 қаңтарда аталған жоба түсіндірме жазбаларымен жария талқылау үшін орналастырылған.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.