Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 16/2 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 16/2 шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6706775,1 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1171658,9 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 20860,9 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5514255,3 мың теңге;

2) шығындар – 6800060,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 15049 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 36920 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 21871 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –   - 108334,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                      – 108334,6 мың теңге;

қарыздар түсімі – 36920 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 21924 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 93338,6 мың теңге.

9 тармақтың 14) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«14) 148973,4 мың теңге – Бостандық ауылы ауылдық клубты реконструкциялауға;»;

9 тармақ келесі мазмұндағы 32), 33) тармақшалармен толықтырылсын:

«32) 11303 мың теңге – Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Победа к., 100 Д ү. мекенжайы бойынша орналасқан, ағаш-жоңқа тақталарын (АЖТ) өндіру бойынша желілер кешеніне сыртқы сумен жабдықтау желісінің құрылысына;

33) 82242 мың теңге - Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Победа к., 100 Д ү. мекенжайы бойынша орналасқан, ағаш-жоңқа тақталарын (АЖТ) өндіру бойынша желілер кешеніне сыртқы электрмен жабдықтау желісінің құрылысына.».

Нұсқалған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi.

Солтүстік Қазақстан облысы     Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихаты    Мамлют ауданы мәслихатының

сессиясының төрағасы хатшысы

Қосымша