Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасын жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджеті шығыстарының басым бағыттарын айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасы әзірленді.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 17 бабы 4 тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы — ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15017861 аталған жоба түсіндірме жазбаларымен жария талқылау үшін орналастырылған.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.
СҚО Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Д. Семыкин