Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының шешімі жобасын жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 31/2 шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының шешімі жобасы (әрі қарай-жоба) әзірленді.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы - ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14437892 2023 жылғы 28 ақпаннан бастап аталған жоба түсіндірме жазбаларымен жария талқылау үшін орналастырылған.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.