GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Все материалы
мәдениет
02 июня 2026
Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік концерт өтті.

Балалар мен олардың ата-аналары үшін музыкалық және би нөмірлерінен құралған жарқын әрі қызықты бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Барша балаларды мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге бақытты әрі алаңсыз балалық шақ, зор денсаулық, оқуда табыс, адал достар және ең асыл армандарыңыздың орындалуын тілейміз!

 

 

 

 

 

 

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
06 января 2025
«Интернет-скамерлердің трюктеріне қалай түспеу керек»
Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ағымағы жылдың 05 қантарында Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің апаратты ММ " Интернет-алаяқтардың құлықтарына қалай түспеуге болады" тақырыбында тікілей эфирді көрү ұйымдастырылды
 
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
24 октября 2024
Жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру немесе жою онлайн-қызметі eGov.kz порталында қолжетімді
Жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру немесе жою онлайн-қызметі eGov.kz порталында қолжетімді
✅️Енді пайдаланушылар eGov.kz порталында онлайн режимінде өз жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын бере немесе жоя алады. Осы қызмет бойынша бұрын анықтама берген Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ процесті автоматтандыруға мүмкіндік берді.
✅️Мекенжайды беру жылжымайтын мүлік объектісіне мемлекеттік деректер қорында кейін сәйкестендіру үшін қажет ресми мәртебе береді. Бұл ақпарат меншік иелеріне өз мүлкін заңды түрде басқаруға мүмкіндік береді. Мекенжай коммуналдық жүйелерге (электр, су, газ), интернетке, пошталық жеткізілімге және басқа да көптеген қызметерге қосылу үшін қажет.
✅️Ресми️ мекенжайдың болуы меншік иесіне құқықтық даулар туындаған жағдайда мүлік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді, себебі жылжымайтын мүлік объектісі Мекенжай тіркеліміне енгізіледі. Сондай-ақ, мекенжайcыз жылжымайтын мүлікпен мәмілелер: сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға беру және басқа да заңды операциялар жасау мүмкін емес.
✅️Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді және ақысыз негізде ұсынылады.
Қызметті алу үшін:
• eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» - «Сатып алу, сату, жалдау» бөліміне өту;
• «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» қызметін таңдау;
• қызметке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
✅️Көрсетілетін қызметті алу нәтижесінде пайдаланушының жеке кабинетінде мекенжайды беру/жою туралы хабарлама-хат немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Сұрау салу мәртебесі нәтижені алған күнін көрсете отырып, Жеке кабинетте де көрсетіледі.
Қызметтің жаңартылған функционалы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
30 сентября 2024
Ашық есік күні
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
06 сентября 2024
Республикалық референдум

2024 жылғы 6 қазанда "Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісесіз бе"мәселелері бойынша республикалық референдум өтеді

ауыл шаруашылығы
23 августа 2024
"Жылқы шаруашылығы" тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинар

2024 жылдың 16 тамызында Андреев ауылдық округінде " Арқалық "ШҚ базасында С.Сейфуллин атындағы Қаз АТУ лекторы," СевКазНИИСХ "ТЛЛ басқарма төрағасы А. Т. Абдуллаевтың қатысуымен" Жылқы шаруашылығы " тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізіліп, тыңдаушылар санаты сертификаттары табысталды.

мәдениет
15 августа 2024
""Спорт күні"

2024 жылдың 15 тамызында Андреевка ауылдық округінің Андреевка орта мектебінің спорт залында спорт күні өтті. Волейболдан жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер командалары арасында жарыстар өтті.

Сыбайлас жемқорлық
25 июля 2024
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Андреев ауылдық округі, Андреевка ауылындағы Мәдениет үйінің аумағында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» баннері орнатылды.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
23 июля 2024
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
✅️Ағымдағы жылғы 19 маусымда Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды. Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Заңның 62-бабы 4-тармағына сәйкес телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында өзінің спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радио сигналын жеке қабылдауға арналған телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қол жеткізу карталарын (бұдан әрі – «сұр тәрелке») таратуға тыйым салынады.
Заңның 62-бабы 5 тармағына сәйкес «сұр тәрелке» қызметтері үшін төлемдерді жүзеге асыруға тыйым салынады.
Сонымен қатар, Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) «сұр тәрелкелерді» таратуға тыйым салу жөніндегі талаптың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) «Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 бірлескен бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Мемлекеттік бақылауды жүргізу бақылау субъектісіне барумен және бармай-ақ профилактикалық бақылау, сондай-ақ жоспардан тыс тексеру жолымен болжанатынын ескере отырып, ЖАО:
- бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау шеңберінде телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманы сақтамау жөніндегі талаптардың бұзылуын жою туралы ұсыныс хат шығару;
- ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің талаптары тәртібінде бекітілген кестеге сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау шеңберінде тиісті ұйғарым шығару;
- өтініш берушінің шағымы бойынша жоспардан тыс тексеру шеңберінде субъектіні тексеруді жүзеге асыруға және заңнаманың бұзылуы расталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы тиісті хаттама жасауға құқылы.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның (ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері жөніндегі ілеспе заң) шеңберінде «сұр тәрелкелерді» таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеуді көздейтін түзетулер енгізілді.
Мәселен, «сұр тәрелкелерді» тарату жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде қайта құқық бұзушылық болған жағдайда – «сұр тәрелкелерді» тәркілей отырып, тиісінше жиырма, қырық, алпыс, жүз АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Аталған Заңға Мемлекет басшысы 2024 жылғы 8 шілдеде қол қойды, жоғарыда аталған түзетулер 2024 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
Осы фактіні ескере отырып, «сұр тәрелкелерді» таратушылар үшін әкімшілік жауапкершілік нормалары қолданысқа енгізілгенге дейін ЖАО бұзушылықтар анықталған кезде келесі механизмді басшылыққа алады:
- жеке немесе заңды тұлғалар тарапынан шағым түскен жағдайда Кәсіпкерлік Кодекстің 144-бабы 4-тармағы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізу және көрсетілген бұзушылық анықталған жағдайда тиісті нұсқама береді;
- Кәсіпкерлік Кодекстің 152-бабының 13-тармағына сәйкес бұзушы ұйғарымда белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат береді;
- нұсқамада көрсетілген бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, ЖАО ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-тармағына сәйкес бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады.
Мамлют ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Ә. Джапабаев
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
12 июля 2024
" Таза Қазақстан"

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Андреев ауылдық округінде сенбілік өткізілді. шөп шабу, бекітілген аумақтарды қоқыстан тазарту

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы