Мекенжайы: 150100, Солтүстiк Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл с., Ықшамаудан, 2.
Тел/факс: +7 71533 2-73-42, +7 71533 7-90-06.
E-mail: airtay-arhiv@sko.kz, airtau_arhiv@mail.ru.
Директор — Қабдөшев Наурызбек Тоқтарбекұлы.
Азаматтарды жеке қабылдау:
дүйсенбi сағ.: 10-00-ден 13-00-ге дейiн.
сейсенбi сағ.: 15-00-ден 17-00-ге дейiн.
сәрсенбi сағ.: 10-00-ден 14-00-ге дейiн.
Володар шаруашылық есебiнiң жеке құрам бойынша мұрағаты Володар ауданы халық депутаттарының Кеңесi аткомының 1990 жылғы 20 маусымындағы №181 шешiмiмен құрылды, 1990 жылдың 1 шiлдесiнен ашылды. 1993 жылдың 26 маусымынан Айыртау ауданының әкiмшiлiгiнiң басшысының №101 өкiмiмен, Володар шаруашылық есебiнiң жеке құрамы бойынша мұрағаты Айыртау шаруашылық есебiнiң жеке құрамы бойынша мұрағаты болып өзгертiлдi. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң Президиумының қаулысымен 1993 жылғы 7 қазан Кокчетав облысы орысша Кокшетауский болып транскрипциялана бастады. 1997 жылғы 30 сәуiрде Көкшетау облыстық Мәслихатының XIII сессиясының шешiмiмен Арықбалық ауданы Айыртау ауданының құрамына енгiзiлдi. Бiрiгудiң себебiмен 1991-1997 жылдар аралығындағы Арықбалық шаруашылық есебiнiң жеке құрамы бойынша мұрағатының құжаттары Айыртау шаруашылық есебiнiң жеке құрамы бойынша мұрағатының құрамына берiлдi. Қазақстан Республикасының Президентiнiң 1997 жылғы 3 мамырдағы №3483 жарлығымен Көкшетау облысы таратылып, Айыртау ауданы Солтүстiк Қазақстан облысы құрамына берiлдi. Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкiмiнiң 1998 жылғы 5 қарашадағы шешiмiмен Айыртау шаруашылық есебiнiң жеке құрамы бойынша мұрағаты «Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы мемлекеттiк мұрағаты» мемлекеттiк мекемесi болып қайта тiркелдi. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 30 қазандағы №360 қаулысымен «Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы мемлекеттiк мұрағаты» мемлекеттiк мекемесi Солтүстiк Қазақстан облысты әкiмдiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және кұжаттамалар басқармасы «Айыртау аудандық мұрағаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi болып аталды. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 шілдедегі №262 қаулысымен архив «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Айыртау ауданының архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталған.
Архив Қазақстан Республикасы мемлекеттiк архив қызметiнiң бiрыңғай жүйесiне кiредi және өз қызметi бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, архивтер және кұжаттама басқармасына тiкелей бағынады.
2018 жылғы 1 қантарға «Айыртау ауданының архиві» КММ-де 394 қор бар: 258 қор — басқармалық құжаттама, 133 қор — адам құрамыжөніндегі құжаттар, 2 қор — жеке шығу тегi және 1 фото құжаттар қоры.
Құжаттардың жалпы саны 77604 сақтау бiрлiгiне тең: 45526 бiрлiк басқармалық құжаттама, 32022 бiрлiк адам құрамыжөніндегі құжаттар, 43 бiрлiк жеке шығу тегi және 13 бiрлiк фотоқұжат кiредi.
Арықбалық және Айыртау аудандық Кеңестерi халық депутаттарының, Айыртау және бұрынғы Арықбалық (1997 жылы жабылған) аудандары әкiмдерi аппараттарының, Айыртау аудандық мәслихаттың, Айыртау және бұрынғы Арықбалық аудандарындағы селолық Кеңестердiң құжаттары, он бес селолық округ, Айыртау және бұрынғы Арықбалық аудандарындағы аудандық ұйымдардың (ауд. қаржы, халықтық бiлiм, аудандық мәдениет, коммуналдық шаруашылық бөлiмдерi, аудандық тұрмыстық комбинаттардың, аудандық ауруханалардың, мұрағаттардың, аудандық әлеуметтiк қамтамасыз ету бөлiмдерiнiң), Айыртау және Арықбалық аудандық қазынашылық бөлiмдерiнiң, Айыртау аудандық сотының, Айыртау аудандық прокуратурасының, Айыртау санэпидстанцасының, ветеринарлық емханасының құжаттары, Айыртау және Арықбалық мемлекттiк нотариалдық кеңселерiнiң, халықтық бақылаудың, Айыртау ауданының 46 колхозының, 16 совхозының және Арықбалық ауданының 28 колхозының, 13 совхозының, Арықбалық және Айыртау КСХТ, Арықбалық және Айыртау май зауыттарының, Қазан облыстық туберкулез санаториясының, Арықбалық байланыс торабының, Арықбалық, Ақан, Уголки, Николо-Борлық ХПП-нiң, Володар элеваторының, Озерный, Арықбалық, Орлиногор, Айыртау, Бiрлiк орман шаруашылықтарының, Арықбалық ауданы дезбөлiмiнiң, Айыртау мұнай базасының, Лобанов КТМ, жетiм және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар үшiн мектеп-интернатының, Айыртау аудандарының ЖШС-лары және басқа дай ұйымдардың құжаттары мемлекеттiк сақтауда жатыр.
Архив сақтауында жатқан 1918 жылғы Кириловка ауылшарушылық Комитетiнiң Кривоозер болысының дербес бөлiнуi туралы есепбi, каулысының үзiндiсi аса ескi құжаттар болып табылады.
2017 жылдың көрмелерi:
2017 жылғы жарияланымдар:
Айыртау ауданының архивi келесi қызметтердi көрсетедi:әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы, түрлi санаттағы соның iшiнде тақырыптық және генеологиялық сауалдарды орындайды, құжаттардың құндылығына сараптау жүргiзедi, ұйымдар мен мекемелердiң, кәсiпорындардың құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзедi. Архив ұйымдар мен мекемелерге, кәсiпорындарға қызмет барысында iс қағаздарын жүргiзу бойынша (семинарларды өткiзу, ұйымның номенклатурасын құруға көмек көрсету, ведомстволық архивтердiң жұмысын қадағалау), ғылыми-әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетедi.
2017 жылда 2050 сұрау келiп түстi, олардың iшiнде 1673 әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы, 365 тақырыптық және 12 генеалогиялық сипатта. Олардың барлығы орындалды.