Әкiмнiң бизнеспен кездесуi

Әкiмнiң бизнеспен кездесуi

2021 жылғы 19 қарашада Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Қ.I. Ақсақалов шағын және орта бизнес өкiлдерiмен кездесу өткiздi.

Кездесу бейресми жағдайда, С.Мұқанов атындағы облыстық кiтапхананың конференц-залында өттi.

Мақсаты — шағын бизнес мәселелерiн талқылау, өңiрдегi кәсiпкерлiктi дамытудың жаңа бағыттарын қарастыру.

Iс-шараға тәжiрибесi бар кәсiпкерлер де, бизнесте жаңа ғана бастаған жастар да қатысты. Облыс аудандарының кәсiпкерлерi бейне-конференц байланыс арқылы қатысты.

Облыс әкiмi кәсiпкерлiктi дамыту көрсеткiштерiнiң оң өсу үрдiсiн атап өттi. Мәселен, бүгiнде өңiрде 30 мыңнан астам ШОБ субъектiсi жұмыс iстейдi, 2016 жылдан бастап кәсiпкерлер саны 2,7 мыңға артты, ШОБ өнiмдерiн шығару 5 жылда 2 есеге, 374 млрд. теңгеден 776 млрд. теңгеге дейiн өстi.

Жоғарыда көрсетiлген көрсеткiштердiң өсуiн қолдауда бизнестi мемлекеттiк қолдаудың қабылданған шаралары маңызды рөл атқарды.

Облыс кәсiпкерлерi «Бизнестiң жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» бағдарламалары бойынша мемлекеттiк қолдау шараларын белсендi қолданады.

2021 жылы Бизнестiң жол картасы бағдарламасы аясында 6,3 млрд. теңге бөлiндi. Субсидиялау, кепiлдендiру, гранттық қаржыландыру және жетiспейтiн инфрақұрылымды жүргiзу құралдары бойынша кәсiпкерлердiң 986 өтiнiмi мақұлданды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы iске қосылғаннан берi (2019 жыл) жалпы сомасы 52 млрд. теңгеге 185 жобаны қаржыландырды.

Негiзгi акцент агроөнеркәсiптiк кешендегi және өңдеу өнеркәсiбiндегi қайта өңдеу жобаларын қаржыландыруға бағытталған.

«Қарапайым заттар экономикасы» «Тайынша Май» ЖШС экстракция фабрикасының құрылысы, «Молпродукт» ЖШС өндiрiсiн жаңғырту сияқты жобаларды қолдауға мүмкiндiк бердi, бiз облысымыз үшiн жаңа өндiрiстi — «Петропавл электр техникалық зауыты» ЖШС трансформаторларын, сондай-ақ «Радуга» ЖШС қағаз бұйымдарын өндiрудi игере алдық. Шағын жобалардан «Ақкерман» ЖК жиһазын, «Шүкай» ЖК пластикалық бұйымдар өндiрiсiн атап өтемiн.

Жаппай кәсiпкерлiктi қолдау үшiн «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2021 жылы 2,9 млрд. теңге сомасына 567 кредит және 501,9 млн. теңге сомасына жаңа бизнес идеяларды iске асыруға 873 грант мақұлданды.

Осының есебiнен 790 жұмыссыз және өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азамат, негiзiнен ауылдық жерлерден бастапқы бизнестi ашуға, 572 адам жұмыс iстеп тұрған бизнесiн кеңейтуге мүмкiндiк алды.

Кездесу барысында кәсiпкерлер өздерiнiң бизнес-кейстерiн таныстырып, өздерiнiң табыс тарихымен бөлiстi.

Осындай форматтағы кездесулердi тұрақты негiзде өткiзу жоспарланып отыр.