Қажеттiлiктен туындаған бизнес

Қажеттiлiктен туындаған бизнес

«Авто-Парус» ЖШС — жүк көлiктерiне техникалық қызмет көрсететiн кәсiпорын. Кешен құрамына: қосалқы бөлшектер сататын дүкен, дөңгелектердi құрастыру, автокөлiк жуу, техникалық қызмет көрсету станциясы кiредi.

Директор айтуынша, компания жұмысын әу баста жүк тасымалдаудан бастаған. Қазiр 12 ұзын тiркемелi көлiгi бар паркке айналды. Бiрақ жұмыс iстейтiн барлық дүние бұзылуға бейiм. Қосалқы бөлшектердi жақын және алыс шетелден тапсырыс берiп алу керек. Осылайша, 2015 жылы ауыр машиналарға арналған жеке автокөлiк бөлшектерiн сататын дүкен ашу идеясы туындады.

Кәсiптi дамыта келе, қосалқы бөлшектердi сатудан бастап оларды салып беруге дейiнгi циклдан тұратын ТҚКС ашу туралы идея келдi. Барлық қажеттi қаржыны есептеп, кәсiпорын «Нұрбанк» АҚ арқылы «Бизнестiң жол картасы» мемлекеттiк бағдарламасы аясында несие алды. Субсидияның арқасында несиенiң сыйақы мөлшерлемесi жылына 6% құрайды. «Даму» қоры мұнымен қатар кепiлдiк те бердi.

Осылайша, 2019 жылы Авто-Парус жүк көлiктерiне арналған барлық қызмет түрлерiн ұсына бастады.

Байланыстар:

СҚО, Петропавл қ., Перминовых к-сi, 73.
+7/7152/31-07-69; +7/771/135-67-67.
Instagram: gruzovoi_avtorazbor_petro