«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы (2023 жылғы 20.05. дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға тиісті санаттар үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы нақты лауазымды мамандандыруға сәйкес келетін саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін; ҚР Бюджет кодексін, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын білу.
Функционалды міндеттер
салалық бөлімдердің, аудандық, қалалық бюджеттердің ақпараты негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне даму бюджеті бойынша тоқсандық жинақ ақпаратты дайындау; аудандар, Петропавл қ. және облыстық бюджет бөлінісінде бюджеттік сала қызметкерлерінің бекітілген және нақтыланған еңбекақы қоры мен саны жөнінде жиынтық ақпаратты дайындау; кезекті жоспарлы үш жылдық кезеңге бекітілген бюджет туралы ақпараттар жиынтығын біріктірілген нысанда дайындау; нақтыланған, бекітілген облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің жобасы, аудандық (қалалық) бюджеттің жобасы бойынша аналитикалық кестелерді дайындау; облыс бюджеті мен облыстық бюджет жобасы, облыстық бюджетті нақтылау, бекіту бойынша материалдарды дайындау және жергілікті атқарушы органдарға, облыстық бюджеттік комисияға, қоғамдық кеңеске, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына қарауға ұсыну; облыстық бюджеттің жобасы, оны бекіту, нақтылау бойынша түпкілікті нұсқаны әзірлеу және оны облыс әкімдігінің, облыстық бюджеттік комиссияның және облыстық мәслихат сессиясының қарауына ұсыну; облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдеріне сәйкес салалық бөлімдердің мәліметтері бойынша облыстық бюджетті нақтылауға және облыстық бюджет жобасына қажеттілік (толық және қысқа) жинағын құрастыру; облыстық бюджеттің жобасы, оны бекіту, нақтылау және бюджеттік саясат бойынша қосымшаларымен әкімдіктің қаулылар жобаларын дайындау; облыстық бюджеттің жобасы, оны бекіту, нақтылау және бюджеттік саясат бойынша қосымшаларымен мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындау; қосымшаларымен облыстық бюджетті бекіту және нақтылау жөніндегі мәслихат шешімдерін іске асыру туралы қаулы жобаларын дайындау; Азаматтық бюджетті, облыс бюджеті мен облыстық бюджет бойынша ақпаратты дайындау және облыс әкімдігі мен облыстың қаржы басқармасының интернет-ресурсында жариялау; тиісті қаржы жылына бекітілген облыс бюджетінің көрсеткіштері бойынша паспорт жасау; салалық бөлімдердің ақпараттары негізінде ағымдағы бюджет бойынша тоқсан сайынғы жиынтық ақпарат жасау; салалық бөлімдермен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, облыс мәслихатының актілері, облыс әкімдігінің және басқа да жоғары тұрған органдардың қаулылары бойынша есептер, ақпараттар, хаттар анықтамалар жинағын және басқа құжаттарды дайындау.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 31.08.2022
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 каб.
-
8(7152)50-44-97