Меню

Страницы

Статья

Қаржыны сақтандыру аннуитетiнен БЖЗҚ-ға қалай қайтаруға болады?

"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлерге, оның iшiнде 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 60-бабына бiрқатар өзгерiстер енгiзiледi.

Заңның 60-бабының 14-тармағында зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан тұлғалар оны жасаған күннен бастап екi жыл өткеннен кейiн сақтандыру ұйымына шарттың талаптарын сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн азайту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару бөлiгiнде өзгерту туралы өтiнiшпен жүгiнуге құқылы екендiгi белгiленген. БЖЗҚ-ға қайтарылуға жататын ақша сомасы зейнетақы аннуитетi шартына өзгерiстер енгiзiлген күндегi сатып алу сомасы мен заңның 59-бабының 2-тармағында айқындалған зейнетақы аннуитетi шартына өзгерiстер енгiзiлген күндегi төлем мөлшерi негiзге алына отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең.

Басқаша айтқанда, сақтандыру ұйымында зейнетақы аннуитетi шартына өзгерiстер енгiзiлген күнi қолданылатын ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70 пайызынан төмен емес айлық сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн өмiр бойы қамтамасыз ететiн сома қалуы тиiс.

Осы тармақтың күшi Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жасалған зейнетақы аннуитетi шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылатынын атап өтемiз.

БЖЗҚ-ға ақшаны қайтаруды жүзеге асыру үшiн салымшы (алушы) 12.09.2022 жылдан бастап салымшымен (алушымен) зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан сақтандыру ұйымына шарттың талаптарын сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн азайту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару бөлiгiнде өзгерту туралы өтiнiшпен жүгiнуi қажет.

Дата публикации
09 сентября 2022
Дата обновления
09 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы