Меню

Страницы

Статья

5-сұрақ айдары. БЖЗҚ өзектi сауалдарға жауап бередi.

1) Сәлеметсiз бе! Мен келесi жылы жұмыс берушiлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары енгiзiлетiнiн оқыдым, алайда, менiң бiлуiмше, қазiрдiң өзiнде кейбiр мамандықтар бойынша еңбек етiп жүрген қызметкерлер үшiн қосымша 5% төленедi. Бұл туралы толығырақ айтып берсеңiз

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) — агент (жұмыс берушi) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын өз жұмыскерлерiнiң пайдасына бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрi — БЖЗҚ) өз қаражаты есебiнен аударатын ақша. Кәсiптер мен лауазымдардың, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген. МКЗЖ мөлшерi жұмыскердiң табысының 5% құрайды.

Егер жұмыс берушi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде арнаулы салық режимi қолданылатын шаруашылық жүргiзушi субъект болмаса, МКЗЖ ұлттық валютамен табысы төленген айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей төленедi. Мемлекеттiк кiрiс органдары МКЗЖ аударылуын бақылайды және егер жұмыс берушi қаражатты қызметкердiң шотына уақытылы аудармаған жағдайда, жұмыс берушiден қаражат өндiрiп алынады, олар мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есептелген өсiмпұлмен БЖЗҚ-дағы шотына аударылады.

2) Қазiр көптеген компаниялар жеке куәлiктiң цифрлық көшiрмесiн қабылдай бастады, БЖЗҚ-да бұл жағы қалай болуда?

БЖЗҚ заманауи трендтерден қалыс қалмайды, мiне, бiрнеше ай бойы стандартты жеке куәлiкпен қатар, оның цифрлық көшiрмесiн де пайдаланып келедi.

Бүгiнгi таңда жеке зейнетақы қызметтерiн БЖЗҚ-дан жеке куәлiксiз алуға болады. Ол үшiн eGov Mobile мобильдiк қосымшасында жеке куәлiктiң цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткiлiктi.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң электрондық нұсқасымен БЖЗҚ бөлiмшелерiне өзi келгенде:

жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу;

деректемелерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу;

зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы хабарлау тәсiлiн өзгерту (айқындау).

зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға болады.

Жеке куәлiктiң цифрлық (электрондық) нұсқасын БЖЗҚ бөлiмшелерiне тiкелей өзi келгенде пайдалануға болатынын атап өтемiз.

3) Сәлеметсiз бе! Қазiр мен бала күтiмi бойынша декреттiк демалыста жүрмiн. Еңбекке жарамды уақытымның барлығында мен ресми түрде жұмыс iстедiм, тиiсiнше, жарналарым да БЖЗҚ-ға жүйелi түрде аударылып отырды. Айтыңызшы, мен жұмыс iстемеген уақыт iшiнде мен үшiн зейнетақы жарналары төлене ме, төленетiн болса, оларды кiм аударып отырады?

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның1 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан (бұдан әрi — МӘСҚ) бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдердi алушылар үшiн бюджет қаражаты есебiнен субсидиялауға жататын мiндеттi зейнетақы жарналары (бұдан әрi — МЗЖ) қосымша белгiленедi.

Субсидиялау қағидаларының2 2-тарауының 4-тармағына сәйкес БЖЗҚ-да МЗЖ субсидиялау бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем алушылардың пайдасына ай сайын бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Яғни ай сайын, бала бiр жасқа толғанға дейiн анасының жеке зейнетақы шотына МЗЖ бюджет қаражаты және МӘСҚ қаражаты есебiнен мемлекеттiк корпорация3 арқылы аударылатын болады.

Субсидиялау кезiнде әйелдердiң зейнетақы аударымдарының мөлшерi МӘСҚ-дан бала күтiмi бойынша әлеуметтiк төлемдер алған бүкiл кезең iшiнде төмендетiлмейдi және бала күтiмi бойынша әлеуметтiк төлем мөлшерi есептелген әйелдiң табыс мөлшерi ескерiле отырып сақталады.

Яғни МЗЖ мөлшерi декреттiк демалысқа шыққанға дейiн белсендi еңбек қызметi кезеңiнде алатын табысынан 10% деңгейiнде сақталады. Осылайша, 10% жарна мыналарды қамтиды:

4% — бала күтiмi бойынша төлемдердi жүзеге асыратын МӘСҚ-дан (МӘСҚ жарналары);

6% — республикалық бюджеттен (субсидия).

4) Қайырлы күн! Сiздер өз материалдарыңызда цифрландыру туралы жиi айтасыздар, айтыңызшы, мен БЖЗҚ-ға берген өтiнiмдерiмнiң мәртебесiн кеңсеге жүгiнбей-ақ қалай қадағалай аламын?

1) "БЖЗҚ" АҚ-да тiркелген төлемге өтiнiштiң орындалу мәртебесiн "Электрондық сервистер" бөлiмiндегi " Менiң төлемдерге / аударымдарға өтiнiштерiм" қызметiнiң көмегiмен қадағалауға болады.

2) инвестициялық портфельдi басқарушыларға ауыстыру кезiнде өтiнiштiң орындалу мәртебесiн Жеке кабинеттiң басты бетiндегi "Өтiнiштердiң мәртебесiн қадағалау" деген кiшi бөлiмде қадағалауға болады.

  1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасыынң 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V заңы
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №330 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдердi алушыларға мiндеттi зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары
  3. "Азаматтарға арналған үкiмет "мемлекеттiк корпорациясы" КЕАҚ

Салымшылардың назарына. БЖЗҚ салымшыдан өтiнiш келiп түскен күннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жеткiлiктi сомадан асатын зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн ИПБ сенiмгерлiк басқаруына аударуды жүзеге асырады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлiгi Ұлттық банктiң басқаруында қалуды жалғастырады.

ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берiлген зейнетақы жинақтары бiржолғы зейнетақы төлемдерi алымдарына жатпайды (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу мақсаттарына алынған жағдайдағыдай) және ИПБ-ға ауыстырған кезде оларға жеке табыс салығы салынбайды.

3) Сақтандыру ұйымына ауыстыру бойынша өтiнiштiң орындалу мәртебесiн Жеке кабинеттiң басты бетiндегi "Өтiнiштердiң мәртебесiн қадағалау" кiшi бөлiмiнде бақылауға болады, атап айтқанда:

  1. ЖСН мен парольдi пайдалана отырып;
  2. "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясынан алынған ЭЦҚ кiлтiнiң көмегiмен;
  • төлемге және (немесе) аударымға өтiнiште көрсетiлген деректердi пайдалана отырып жүргiзiледi.

"БЖЗҚ" АҚ сайтында авторизациядан өткеннен кейiн алушыға төлем/аударым өтiнiмiнiң мәртебесiн қадағалауға мүмкiндiк беретiн бет қолжетiмдi болады. 3-шi әдiс арқылы авторизациялану кезiнде сiз тек авторизация кезiнде көрсетiлген мәлiмдеменiң ғана мәртебесiн бақылай аласыз.

4) БЖЗҚ-ға уәкiлеттi оператордан келiп түскен бiржолғы зейнетақы төлемiне (БЗТ) өтiнiштiң мәртебесiн салымшы "БЖЗҚ" сайтындағы "Менiң төлемдерге/аударымдарға өтiнiштерiм" электрондық қызметi және БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы дербес тексере алады.

Осы операциялардың барлығын төмендегi тәсiлдермен жасауға болады:

  • ЖСН мен парольдi пайдалана отырып (олар БЖЗҚ дерекқорында тiркелуi тиiс). Бұл тәсiлдi салымшы өз жинақтары туралы ақпарат алу тәсiлi ретiнде "интернет-ақпараттандыруды" таңдаған жағдайда жүзеге асыруға болады);
  • "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясынан алынған ЭЦҚ кiлтiнiң көмегiмен.

Сонымен қатар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетумен (ТТК) байланысты төлемдердi алу үшiн құжаттарды алдын ала тексерудi онлайн режимiнде жүзеге асыруға болады.

5) Сәлеметсiз бе! Мен Ресей азаматымын, бiрақ геосаяси жағдайға байланысты қазiргi уақытта Қазақстанда тұрып, жұмыс iстеймiн, менiң зейнетақымен қамсыздандыру мәселем қалай шешiлуде?

29.05.2014 жылғы ЕАЭО туралы шартқа сәйкес, ЕАЭО мүше мемлекеттердiң еңбекшiлерi мен отбасы мүшелерiн зейнетақымен қамсыздандыру тұрақты тұратын мемлекеттiң заңнамасымен, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы жекелеген халықаралық шартқа сәйкес реттеледi. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енген 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң еңбекшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы келiсiм (бұдан әрi-Келiсiм) осындай халықаралық шарт болып табылады.

Келiсiмнiң негiзгi мақсаты — ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшiлерiнiң зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналастырушы мемлекеттiң азаматтары сияқты шарттарда және тәртiппен қалыптастыру болып табылады, яғни ЕАЭО-ға мүше әрбiр мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердiң азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыру құқығын өз азаматтарына берiлетiн көлемiне тең дәрежеде беруге тиiс.

Келiсiмнiң нормалары ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттiң аумағында еңбек қызметiн уақытша жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердiң азаматтарын жұмысқа орналастырып, жұмысқа орналастырушы мемлекеттiң жұмыс берушiсiмен еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасып, жұмысқа орналастырушы мемлекеттiң зейнетақы жүйесiне мiндеттi түрде зейнетақы (сақтандыру) жарналарын төлей отырып, ресми жұмысқа орналастыру шартымен Келiсiм күшiне енгеннен кейiнгi кезеңде еңбекшiнiң жинаған жұмыс өтiлiне қолданылады.

Сонымен қатар, Келiсiмнiң 2-бабы 2-тармағының 2.3. тармақшасында Келiсiм Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерiне қолданылатыны белгiленген:

  1. зейнеткерлiк жасқа толғанда;
  2. егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiк белгiленген кезде;
  3. мұрагерлерге бiржолғы төлем.

Осылайша, Қазақстан Республикасында:

  • 2021 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс берушi шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат алмай тұрып жасаған еңбегi немесе азаматтық-құқықтық шарт негiзiнде уақытша еңбек қызметiн жүзеге асыратын ЕАЭО елдерi азаматтарының табысын есептеу кезiнде БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын (МЗЖ/МКЗЖ) ұстап қалуға және аударуға мiндеттi. Бұл ретте МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есепке алу үшiн жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) жұмыс берушiден түскен МЗЖ/МКЗЖ бастапқы сомасын аударған кезде БЖЗҚ-да автоматты режимде ашылатын болады;
  • еңбек шарты немесе жұмыс берушiмен азаматтық-құқықтық шарт бұзылған жағдайда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы аталған тұлғаларда Келiсiмнiң 2-бабы 2-тармағының 2.3-тармақшасында көзделген талаптар басталған кезде ғана пайда болады.

Бұл ретте ЕАЭО елдерiнiң, оның iшiнде Ресей Федерациясының азаматтары зейнетақы төлемiн алу үшiн Келiсiмдi iске асыру бойынша Қазақстандағы құзыреттi орган болып табылатын БЖЗҚ-ға не тұратын мемлекеттiң құзыреттi органына, мысалы, Ресей Федерациясының зейнетақы қорына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттарды ұсына отырып, жүгiнуге құқылы болады.

Дата публикации
12 августа 2022
Дата обновления
12 августа 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы