Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ салымшылары Қор жұмысының ашық екенiне көз жеткiздi

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Ашық есiк күнi Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшiн дәстүрлi iс-шараға айналып үлгердi. Салымшылар мен алушыларға ыңғайлы болу үшiн бiздiң қызметкерлер оны тағы да виртуалды кеңiстiкте өткiздi.

Кез келген адамның үйiнен шықпай-ақ онлайн платформа арқылы iс-шараға қосылып, Ашық есiк күнiне қатысу мүмкiндiгi болды. Басты тақырып — «Зейнетақы активтерiн басқару: Зейнетақы активтерi қалай және қайда инвестицияланады?».

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарының үздiксiз инвестицияланып, салымшыға жұмыс iстейтiнi белгiлi. Өткен жылдың өзiнде ғана 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi таза инвестициялық табыс есебiнен зейнетақы жинақтарының өсiмi 1,4 трлн теңгеге жеттi. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiк — 8,4% инфляция кезiнде 11,13%. Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түрiндегi табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түрiндегi табыс, валюталық қайта бағалау түрiндегi табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кiретiнiн еске саламыз.

Iс-шара қонақтары салымшылардың зейнетақы жинақтарының сомасы апта сайын зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижесiне сәйкес қайта есептелетiнiн және қайта бағаланатынын, ал инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түрiндегi табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түрiндегi табыс, валюталық қайта бағалау түрiндегi табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кiретiнiн бiлдi. Инвестициялардың 2/3 бөлiгiне жуығы теңгемен және 1/3 бөлiгiне жуығы шетелдiк валютамен, валюталық инвестициялардың басым бөлiгi АҚШ долларымен орналастырылған. Қаржы құралдарының құны мен валюта бағамдары үнемi құбылып отыратындықтан, нарықтық және валюталық қайта бағалаудан түсетiн табыс бөлек алған кезеңде жағымды болуы да, жағымсыз болуы да мүмкiн.

Зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзiмдi инвестициялар екенiн және инвестициялық табыс мөлшерiн кемiнде бiр жылдық кезең үшiн сараптаған дұрыс екенiн атап өтейiк. Қысқа мерзiмдi деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) көрсеткiш бола алмайды, себебi нарықтық жағдайдың тұрақты ағымдағы өзгерiстерiне байланысты.

Қор мамандары БЖЗҚ салымшыларының өз жинақтарының бiр бөлiгiн Ұлттық банкпен қатар инвестициялық портфельдi басқарушы (ИПБ) компанияларға аудара алатынымен бөлiстi. Қазiр БЖЗҚ төрт ИПБ-мен зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқару туралы шарт жасады. БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерiн алған соң ИПБ да оларды рұқсат етiлген қаржы құралдарына инвестициялайтынын еске саламыз.

Жалпы, ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына сәйкес мемлекет зейнетақы жинақтарын зейнетақы төлемiне құқық алған сәттегi инфляцияны ескерiп сақтау кепiлдiгiн қамтамасыз етедi. Әлемнiң ешбiр елiнде жоқ бұл норма салымшылардың жинақтарын инфляциядан сақтауға көмектеседi. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепiлдiгi басқарушы компанияның зейнетақы активтерiнiң ең төменгi кiрiстiлiк деңгейiн қамтамасыз ету бойынша кепiлдiгiмен алмастырылады.

Елiмiздiң барлық жерiнде iс-шараға көп адам қатысты. Әрбiр қатысушы Ашық есiк күнiн өткiзудiң электрондық форматын жақсы бағалап, көпшiлiгi БЖЗҚ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша ақпаратты және Қордың зейнетақы активтерi орналастырылған қаржы құралдарын www.enpf.kz ресми сайтында өз бетiнше зерттеуге ниет бiлдiрдi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
28 июня 2022
Дата обновления
28 июня 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы