Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 1 наурыздағы облыс бюджетінің атқарылуы

2022 жылғы 1 наурыз жағдайында облыстың жергілікті бюджетіне жоспардағы 13 572,7 млн. теңгеден 14 038,5 млн. теңге немесе 103,4% жеке кірістер түсті. Асыра орындалу 465,8 млн. теңге.

Облыстық бюджетке жоспардағы 5 972,2 млн. теңгеден 6 824,3 млн. теңге немесе 114,3% түсті. Асыра орындау — 852,1 млн. теңге.

Аудандық (қалалық) бюджеттерде жоспардағы 7 600,5 млн. теңгеден 7 214,2 млн. теңге немесе 94,9% түсті. Орындалмауы — 386,3 млн. теңге.

2022 жылғы 1 наурыз жағдайында облыс бюджеті шығыстар бойынша 92,3%-ға атқарылды. Нақтыланған жоспардағы 51 460,0 млн. теңгеден шығыстар 47 501,0 млн. теңгеге жүргізілді. Жүргізілмеген шығыстар 3 959,0 млн. теңге сомасында қалыптасты.

Республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша атқарылу 96,2% құрады, немесе жоспардағы 11 438,5 млн. теңгеден шығыстар 11 000,6 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 437,9 млн. теңге.

Жергілікті бюджет бойынша игерілмеу 3 521,1 млн. теңге немесе 91,2% құрады.

Орындалмау қалдығы келесі төмен тұрған бюджеттер бойынша қалыптасты:

Петропавл қ. – 3 298,8 млн. теңге (80,5%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 8,0 млн. теңге (97,7%), ЖБ – 3 290,8 млн. теңге (80,2%);

Тайынша ауданы – 244,1 млн. теңге (67,9%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 241,1 млн. теңге (14,2%), ЖБ – 2,9 млн. теңге (99,4%).

Облыстық ұйымдар бойынша ең көп игерілмеу мына басқармалар бойынша қалыптасты:

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 188,7 млн. теңге (81,3%), оның ішінде РБ-дан НТ – 176,1 млн. теңге (76,4%), ЖБ – 12,6 млн. теңге (95,2%);

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 136,3 млн. теңге (74,3%), оның ішінде РБ-дан НТ – 0,03 млн. теңге (83,5%), ЖБ – 136,3 млн. теңге (74,2%).

2022 жылғы 1 наурызға облыс бюджетінің атқарылуы

млн. теңге

Атауы 2022 ж. 01.03 нақтыланған жоспар соның ішінде Атқару соның ішінде Атқару % соның ішінде Игерілмегені соның ішінде
РБ НТ ЖБ РБ НТ ЖБ РБ НТ ЖБ РБ НТ ЖБ
Айыртау 416,6 35,1 381,6 416,3 35,1 381,3 99,9 100,0 99,9 -0,3 0,0 -0,3
Ақжар 313,5 22,5 291,1 311,6 22,3 289,3 99,4 99,4 99,4 -1,9 -0,1 -1,8
Аққайың 755,0 39,7 715,2 753,7 39,7 714,0 99,8 99,9 99,8 -1,2 0,0 -1,2
Есіл 445,5 96,3 349,2 443,0 96,1 346,9 99,4 99,8 99,3 -2,5 -0,2 -2,3
Жамбыл 642,2 229,1 413,0 638,2 229,0 409,2 99,4 100,0 99,1 -3,9 -0,1 -3,8
М.Жұмабаев 496,4 48,6 447,8 496,3 48,6 447,7 100,0 100,0 100,0 -0,1 0,0 -0,1
Қызылжар 741,3 56,7 684,6 738,9 56,5 682,5 99,7 99,6 99,7 -2,4 -0,3 -2,1
Мамлют 263,9 26,7 237,2 262,6 26,4 236,2 99,5 98,7 99,6 -1,3 -0,3 -0,9
Ғ.Мүсірепов 732,8 34,2 698,6 729,2 34,2 695,0 99,5 100,0 99,5 -3,6 0,0 -3,6
Тайынша 760,8 281,2 479,6 516,7 40,0 476,7 67,9 14,2 99,4 -244,1 -241,1 -2,9
Тимирязев 303,8 19,7 284,1 300,2 19,6 280,6 98,8 99,5 98,8 -3,6 -0,1 -3,5
Уәлиханов 192,9 22,7 170,2 180,3 21,8 158,5 93,5 96,0 93,1 -12,6 -0,9 -11,7
Шал ақын 267,4 30,5 236,9 246,0 30,2 215,8 92,0 99,0 91,1 -21,5 -0,3 -21,2
Аудандар бойынша жиыны 6 332,1 943,0 5 389,1 6 033,1 699,5 5 333,6 95,3 74,2 99,0 -299,0 -243,5 -55,5
Петропавл қ. 16 950,7 343,8 16 606,9 13 651,9 335,8 13 316,1 80,5 97,7 80,2 -3 298,8 -8,0 -3 290,8
Облыстық 39 470,0 10 248,1 29 221,9 39 108,7 10 061,7 29 047,0 99,1 98,2 99,4 -361,3 -186,4 -174,9
БАРЛЫҒЫ 51 460,0 11 438,5 40 021,6 47 501,0 11 000,6 36 500,5 92,3 96,2 91,2 -3 959,0 -437,9 -3 521,1
Дата публикации
16 марта 2022
Дата обновления
16 марта 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы