Меню

Страницы

Статья

5 сұрақ

1. Бiрнеше айдан соң жасым келгендiктен зейнетке шығамын. Қашан, әрi қайда баруым керек?

Мемлекеттiк бюджеттен базалық және ортақ зейнетақыны, сондай-ақ, мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерi тағайындалуы үшiн сiз бiрыңғай өтiнiш және құжаттар топтамасымен тұрғылықты жерiңiз бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бөлiмшелерiне (ХҚКО) жүгiнуiңiз қажет.

Мұны зейнет жасына толуға 10 күн қалғанда жасай аласыз.

Жалпыға бiрдей белгiленген зейнет жасы ерлер үшiн 63 жасты, әйелдер үшiн 2022 жылы — 60,5 жасты құрап, 2027 жылы 63 жасқа толғанға дейiн жыл сайын жарты жылға ұлғайтылып отырады.

2. Жұбайым жеткiлiктiлiк шегiнен асып түскен зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн инвестициялық компаниялардың басқаруына бергiсi келедi. Оларға сенуге бола ма, жоқ па, күмәнiм бар.

2021 жылдың қаңтарынан бастап салымшылар мен алушылар инвестициялық портфельдi басқаратын компанияны өз бетiнше таңдау арқылы өздерiнiң зейнетақы жинақтарын инвестициялауға қатыса алады.

Қазiр БЖЗҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi (ҚНРДА) белгiлеген барлық талаптарға сәйкес келетiн, бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар (инвестициялық портфельдi басқару қызметi) 4 компаниямен зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқару туралы шарттар жасасты. Олар:

  • «Jusan Invest» АҚ
  • «Halyk Global Markets» АҚ
  • «BCC Invest» АҚ
  • «Сентрас Секьюритиз» АҚ

Әрбiр ИПБ туралы ақпарат (инвестициялық декларацияны, сондай-ақ, ИПБ комиссиялық сыйақысы туралы мәлiметтердi қоса алғанда) enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» — «Зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн ИПБ сенiмгерлiк басқаруға аудару» бөлiмiнде жарияланған. Басқарушы компаниялардың инвестициялық қызметiне шолумен де enpf.kz сайтында «Көрсеткiштер» — «Инвестициялық қызметке шолу» немесе «Зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiне қысқаша шолу» бөлiмдерiнде танысуға болады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқаруға алғаннан кейiн ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекiтiлген Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру қағидаларында көрсетiлген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етiлген қаржы құралдарына инвестициялайды.

ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, ИПБ инвестициялық басқару үшiн комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шектi шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% аспайды. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ басқару органы бекiтедi және ол жылына бiр реттен жиi ауыстырылмайды.

Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктiң басқаруында болған кезеңде салымшы зейнет жасына жеткенге дейiн инфляция деңгейiн ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет кепiлдiгi қолданылатынын бiлген жөн. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепiлдiгi басқарушы компанияның зейнетақы активтерi кiрiстiлiгiнiң ең төменгi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегi кепiлдiгiмен алмастырылады, ол нарықта жұмыс iстейтiн ИПБ-ның басқаруына берiлген зейнетақы активтерiнiң орташа алынған кiрiстiлiгi негiзге алына отырып есептеледi.

3. 2022 жылы БЖЗҚ төлемдерi қалай өзгердi?

БЖЗҚ-дан төлемдер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылдың 2 қазанындағы № 1042 қаулысымен (2021 жылдың 1 сәуiрiнен бастап қолданысқа енгiзiлген өзгерiстермен) бекiтiлген Әдiстемеге сәйкес жүзеге асырылады. Осы Әдiстемеге сәйкес зейнетке шыққан адамдарға төлемдер былайша есептеледi: зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтары төлемдерiнiң мөлшерлемесi — 6,5%-ға көбейтiлiп, одан кейiн 12-ге бөлiнедi. Нәтижесiнде төлем алынатын бiрiншi жылы БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдер мөлшерi есептеп шығарылады. Белгiлi бiр санаттағы алушылар: мерзiмсiз белгiленген 1 немесе 2-топтағы мүгедектiгi бар адамдар, сондай-ақ, зиянды және қауiптi өндiрiстерде жұмыс iстеген, жинақтары мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен кемiнде алпыс ай жинақталып, жұмыс iстеген адамдар үшiн зейнетақы төлемдерiн есептеу әдiстемесiнде түзету ұлғайту коэффициенттерi көзделген.

Келесi жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемiнiң мөлшерi зейнетақы төлемдерiн индекстеу мөлшерлемесi — 5%-ға жыл сайын ұлғайтылып отырады.

Осылайша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 1 сәуiрiнен берi зейнетке шыққан зейнеткерлерге төленетiн төлемдер 5% көбейдi.

Айта кетейiк, БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70% кем емес (2022 жылы ең төменгi күнкөрiс деңгейi 36 018 теңге) мөлшерде жүзеге асырылады. Тиiсiнше, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан ең төменгi төлем 25 212,60 теңге (36 018*70%).

Егер төлем алуға өтiнiш берген күнгi зейнетақы жинақтарының сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақының он екi еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бiр рет төленедi (2022 жылы — 555 624 теңге = 12 * 46 302 теңге).

2018 жылдың 1 қаңтарына дейiн төлем алу құқығын iске асырған зейнеткерлер үшiн 2022 жылы есеп мынадай: олардың зейнетақы төлемiнiң жыл сайынғы мөлшерi ең төменгi зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен (2022 жылы 30 х 46 302 = 1 389 060 теңге) ең жоғары шаманы және зейнетақы жинақтарының сомасын алушының тиiстi жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентiне көбейтуден тұрады. Төлемдер бұрын таңдалған кесте бойынша жүзеге асырылады.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанша төленедi.

4. Зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн тұрғын үйге немесе емделуге пайдалану мүмкiндiгi үшiн жеткiлiктiлiк шегiнiң ұлғаюы жөнiнде сұрағым келiп тұр. Мысалы, менiң туған күнiм 25.04.1983 ж., 25.04.2022 жылға дейiн жеткiлiктiлiк шегi қазiргiдей 3 220 000 теңге болып қала ма? Әлде 01.01.2022 ж. бастап мен үшiн жеткiлiктiлiк шегi 5 640 000 теңгеге дейiн ұлғайады ма?

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында (бұдан әрi — Заң) зейнетақы жинақтарының ең төменгi жеткiлiктiлiк шегi — ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшiн қажеттi мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен төмен емес деп айқындалған.

Зейнетақы жинақтарының ең төменгi жеткiлiктiлiк шегi (бұдан әрi — ТЖШ) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2021 жылдың 6 қаңтарындағы № 1 қаулысымен бекiтiлген ТЖШ айқындау Әдiстемесiне сәйкес, жыл сайын есептеледi. Бұл әдiстеме ашық нормативтiк құқықтық акт болып табылады және ғаламторда, соның iшiнде БЖЗҚ сайтында еркiн қолжетiмдi. Әдiстемеде ТЖШ есептеу алгоритмi егжей-тегжейлi сипатталған.

Осылайша, ТЖШ есептеу кезiнде БЖЗҚ Әдiстемеде белгiленген, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен жыл сайынғы негiзде ұсынылған, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiмен келiсiлген тиiстi көрсеткiштердi пайдаланады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 875 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қаулысына толықтыру енгiзiлдi, оған сәйкес 2021 жылға есептелген ТЖШ 2022 жылдың 1 сәуiрiне дейiн қолданылады деп белгiленген.

Жоғарыда айтылғанды, сондай-ақ, оның iшiнде ТЖШ мөлшерiн БЖЗҚ жыл сайын қайта қарайтынын ескере отырып, Сiздiң жағдайыңызда ТЖШ:

2021 жылдың 25 сәуiрiнен бастап 2022 жылдың 31 наурызын қоса алғанда 3 млн 220 мың теңге;

2022 жылдың 1 сәуiрiнен бастап 2022 жылдың 24 сәуiрiн қоса алғанда — 5 млн 490 мың теңге;

2022 жылдың 25 сәуiрiнен бастап 2022 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда — 5 млн 640 мың теңгенi құрайтын болады.

БЖЗҚ тарапынан алуға қолжетiмдi сома уәкiлеттi оператордан электрондық хабарлама келiп түскен күнгi ТЖШ ескерiле отырып тексерiлетiнiн атап өтемiз.

5. Мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасадым, бiрақ қазiргi уақытта бұл келiсiм арқылы табыс таппаймын, өз пайдама жарна аудара аламын ба?

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) салық агентi болып табылмайтын жеке тұлғамен жасалған болса, онда сiз алатын табыстың 10 пайызынан кем емес, бiрақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан көп емес мөлшерде (2022 жылы ЕТЖМ — 60 мың теңге) өз пайдаңызға жарна аударуға құқылысыз.

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агентiмен (ЖК, заңды тұлға, сондай-ақ, жеке тәжiрибемен айналысатын тұлға) жасалса, онда төлем болмаған жағдайда ол сiздiң жеке зейнетақы шотыңызға мiндеттi зейнетақы жарналарын аудармайды.

Қазiргi уақытта сiз табыс таппайтындықтан, өз табысыңыздың есебiнен екiншi деңгейдегi банктер арқылы жеке пайдаңызға ерiктi зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) өз бетiңiзше аудара аласыз. ЕЗЖ мөлшерi мен төлеу кезеңдiлiгiн жеке тұлға қалауынша белгiлейдi.

Егер сiз жеке кәсiпкер болмасаңыз, бiрыңғай жиынтық төлем (БЖТ) аясында аударымдар жасай аласыз. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 25.12.2017 жылғы №120-VI Салық кодексiнiң 774-бабына сәйкес, кәсiпкерлiк қызметтi жеке кәсiпкер ретiнде тiркеусiз жүзеге асыратын, бiр мезгiлде мынадай шарттарға сәйкес келетiн жеке тұлғалар БЖТ төлеушiлер болып танылады:

1) БЖТ төледi;

2) жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдаланбайды;

3) акцизделетiн өнiмдi қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана қызметтер көрсетедi және (немесе) салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткiзедi. Бұл ретте БЖТ төлеушiнiң осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижесiнде алатын табысының мөлшерi күнтiзбелiк жыл үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 1175 еселенген мөлшерiнен аспауы тиiс. Жеке тұлғалар БЖТ төлеу жүргiзiлген күннен бастап БЖТ төлеу жүргiзiлген айдың соңғы күнiне дейiн БЖТ төлеушiлер деп танылады.

БЖТ төлеушiнiң БЖТ-ны қолма-қол ақшамен, не қолма-қол емес тәсiлмен банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы мемлекеттiк корпорацияның банктiк шотына аудару арқылы жалпы сомамен төленуге жатады.

БЖТ мөлшерi 2022 жылы:

  • Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда 1 АЕК немесе 3 063,00 теңге;
  • Басқа елдi мекендерде 0,5 АЕК немесе 1 531,50 теңге.
Дата публикации
24 января 2022
Дата обновления
24 января 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы