1. Облыс бюджеті кіріс бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарына 100,0% атқарылды, немесе есепті кезеңнің жоспарындағы 71851,7 млн теңгеден 71851,8 млн теңге түсті.
Өзіне меншікті табыс бойынша жоспар 16252,5 млн теңге сомасында немесе 101,3 % атқарылды (жоспар – 16041,6 млн теңге). Кіріс бөлігінің асыра орындалуы жалпы облыс бойынша 210,9 млн теңгені құрады.
Салық комитетімен есепке алынатын салықтар мен алымдар бойынша нақтыланған жоспар 16025,2 млн теңгені құрайды, оның ішінен облыстық бюджеттің жоспары 6962,7 млн теңге, аудандар мен Петропавл қаласының – 9062,5 млн теңге.
Есепті кезең ішінде облыс бюджетіне 16240,1 млн теңге түсті, немесе нақтыланған жоспардан 101,3 %, соның ішінде облыстық бюджетке 7029,9 млн теңге, немесе 101,0%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне – 9210,2 млн теңге, немесе 101,6%.
Жалпы жоспарды барлық аудандар мен Петропавл қаласы орындады.
Республикалық бюджеттен трансферттер жоспардағы 55521,1 млн теңгеден 55310,3 млн теңге сомасында түсті. Даму бағдарламасына 210,8 млн теңге трансферттер түспеген.
2. Шығыстар бойынша облыс бюджеті 2010 жылдың 1 қаңтарына 99,1 % атқарылды, жоспардағы 72321,1 млн теңгеден шығыстар 71651,5 млн теңге сомасына жасалды. Шығыстар 669,7 млн теңге сомасында игерілмеген.
Білім берудің мекемелері мен кәсіпорындары бойынша шығыстар 2010 жылдың 1 қаңтарына 23290,1 млн теңге құрады (1 кестеге сәйкес), немесе жоспарға 98,3 пайыз.
Білім берудің объектілерін салуға және қайта құруға 1616,2 млн теңгеге шығыстар жасалды.
Мектептер мен мектептен тыс мекемелердің күрделі жөндеуі 1093,8 млн теңге сомасына жасалды.
Материалдық-техникалық база 535,8 млн теңгеге жаңартылды.
1 кесте

Денсаулық сақтау бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарына шығыстар 16789,2 млн теңгені құрады (2 кестеге сәйкес), немесе жоспарға 99,9 пайыз.
Денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта құруға 2768,0 млн теңге бағытталды.
Денсаулық сақтау объектілерінің күрделі жөндеуі 956,8 млн теңгеге жасалды, денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 495,5 млн теңге бағытталған.
2 кесте

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 2946,4 млн теңгені құрады, немесе жоспарға 99,9 пайыз (3 кестеге сәйкес).
Әлеуметтік қорғау объектілерінің күрделі жөндеуі 18,3 млн теңгеге жасалды, материалдық-техникалық базасын нығайтуға 15,6 млн.теңге жіберілген.
3 кесте

Мәдениет бойынша шығыстар 1232,0 млн теңгені құрады (4 кестеге сәйкес). Мәдениет объектілерін салуға 15,3 млн теңге бағытталды. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен мәдениет объектілерін күрделі жөндеу 296,1 млн теңгеге жасалған. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 7,7 млн теңге жіберілген.
4 кесте

Туризм және спорт бойынша – 1431,5 млн теңге (5 кестеге сәйкес). Спорт объектілерінің құрылысы жасалып жатыр – 166,0 млн теңге. Күрделі жөндеуі 97,2 млн теңгеге жасалды. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға қаражат 21,1 млн теңге сомасында жіберілді.
5 кесте

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысының қаржыландырылуы жасалды. Тұрғын үй салуға шығыстар 2010 жылдың 1 қаңтарына 1581,0 млн теңгені құрады, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 745,5 млн теңге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға жіберілді.
Сумен жабдықтау объектілерін салуға 2010 жылдың 1 қаңтарына 2496,4 млн теңге жіберілді, оның ішінен республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 2141,1 млн теңге.
2010 жылдың 1 қаңтарына облыстың автомобиль жолдары желісін дамытуға 4261,6 млн теңге жіберілген.