Кірістер
2010 жылы кірістер бойынша облыс бюджеті 100,4% атқарылған, жылдық жоспардағы 82529,1 млн теңгеден түсімдер 82858,9 млн теңгені құрады.
Жоспардағы 17435,7 млн теңгеден облыстың жергілікті бюджетіне салық комитетімен есепке алынатын өз меншігіндегі кірістер 17767,1 млн теңге немесе 101,9% түсті. Жоспар 331,4 млн теңгеге асыра орындалған. 2009 жылы 16240,1 млн теңге түскен. Өсу 1527,0 млн теңгені немесе 9,4% құрады.
Облыстық бюджетке жоспардағы 7717,7 млн теңгеден 7862,7 млн теңге немесе 101,9% түсті. Асыра орындалу – 145,0 млн теңге. 2009 жылы 7029,9 млн теңге түскен. Өсу 832,8 млн теңгені немесе 11,8% құрады.
Аудандар мен Петропавл қ. жергілікті бюджеттеріне жоспардағы 9718,0 млн теңгеден 9904,4 млн теңге немесе 101,9% түсті. Асыра орындалу 186,4 млн теңгені құрады. 2009 жылы 9210,2 млн теңге түсті. Өсу 694,2 млн теңгені немесе 7,5% құрады.
Республикалық бюджеттен трансферттер мен кредиттер толық көлемінде түсті (63860,9 млн теңге).
Шығыстар
2010 жылдың қорытындылары бойынша облыс бюджеті шығыстар бойынша 98,4% атқарылған, жоспардағы 83198,9 млн теңгеден шығыстар 81885,5 млн теңге сомасында жасалған. Игерілмеу сомасы 1313,5 млн теңгені құрады, оның ішінен РБ нысаналы трансферттер – 1014,4 млн теңге және кредиттер – 44,3 млн теңге. 2009 жылы облыс бюджеті 99,1% атқарылған, игерілмеу сомасы – 669,7 млн теңге, оның ішінен РБ нысаналы трансферттер – 158,9 млн теңге.
Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен салалық министрліктерге 2010 жылы республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған нысаналы трансферттердің қалдықтарын 2011 жылы толық пайдалануға рұқсат беру туралы өтініштер берілген.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 44 бабы 7 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде ағымдағы жылда толық пайдалануға рұқсат берілген сомалардан басқа 2010 жылы республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің толық пайдаланылмаған сомалары жыл басына қалыптасқан бюджет қаражатының қалдықтары есебінен 2011 жылдың 1 наурызына дейін республикалық бюджетке қайтарылады.