Меню

Страницы

Статья

Облыс бюджетінің 2011 жылғы атқарылуы

Солтүстік Қазақстан облысы бюджетінің атқарылуы туралы анықтама 2012 жылдың 1 қантарындағы жағдайына

Кірістер бойынша атқарылу

2011 жылы жоспардағы 20447,9 млн теңгеден облыстың жергілікті бюджетіне Салық департаментімен есепке алынатын 207,64,1 млн теңге меншікті кіріс түсті немесе 101,5%.

Облыстық бюджетке жоспардағы 9782,5 млн. теңгеден 9862,7 млн теңге немесе 100,8% түсті. Асыра орындау - 80,2 млн теңге. 2010 жылға қарағанда өсу 2000 млн теңгені немесе 25,4% құрады.

Аудандар мен Петропавл қ. жергілікті бюджеттеріне жоспардағы 10665,4 млн теңгеден 10901,4 млн теңге немесе 102,2% түсті. Асыра орындау - 236 млн теңге.

Шығыстар бойынша атқарылу

Облыс бюджеті шығыстар бойынша 97,0% атқарылған. Нақтыланған жоспардағы 94981,1 млн теңгеден шығыстар 92090,5 млн теңгеге жүргізілген. 2890,6 млн теңге толық игерілмеген. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде шығыстар бойынша атқарылу 98,4% құрады, 1313,5 млн теңге игерілмеген.

Облыстық бюджет 96,6% атқарылған есепті кезеңнің жоспарындағы 46559,0 млн теңгеден кассалық шығыстар 44986,9 млн теңгені құрады, толық игермеу 1572,1 млн теңге.

Толық игерілмеудің едәуір сомаларына келесі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жол берді:

  • құрылыс басқармасы - 566,1 млн теңге немесе 80,4%, оның ішінен:

РБ есебінен 516,5 млн теңге: 297,7 млн теңге - Петропавл қ. балабақшаның құрылысына, өндірістік жұмыстар кестесінен артта қалу, 18,7 млн теңге - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл селосындағы 280 орынға арналған балабақшаның құрылысынан үнемдеу; 200,0 млн теңге - Мамлют ауданы Мамлютка қ. 300 орынға арналған мектептердің құрылысына, өндірістік жұмыстар кестесінен артта қалу.

ЖБ есебінен 49,6 млн теңге: 29,6 млн теңге - спорт объектілері бойынша, жобалар кеш даярланғанына байланысты, 3,0 млн теңге - СҚО Петропавл қ. спорт кешенін салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша үнемдеу; 7,7 млн теңге - Айыртау ауданы Кирилловка с. 240 орынға арналған орта мектептің құрылысы және Есіл ауданы Тауағаш ауылында 90 орынға арналған мектеп ғимаратының құрылысы, жұмыстар орындалған, төлем орындалған жұмыстардың ұсынылған актілеріне сәйкес жүргізілген; 3,5 млн теңге Есіл ауданы Горный с. орта мектебінің ЖСҚ әзірлеуге, төлем сараптаманың оң тұжырымдамасы алынғаннан кейін; 1,5 млн теңге - Мамлют ауданы Мамлютка қ. 300 орынға арналған мектептің құрылысына жобалау сметалық құжаттаманы әзірлеуге түпкі төлем мектеп құрылысына сараптаманың кешендік тұжырымдамасы алынғаннан кейін; 3,4 млн теңге - денсаулық сақтау объектілері бойынша, жобалау үшін техникалық талаптар пакеті толық емес;

 

  • кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы - 453,2 млн теңге (РБ) немесе 53,3%, оның ішінен: Бизнестің жол картасы 2020 бойынша 452,5 млн теңге сомасына - кәсіпкерлік субъектілерінен өтінімдер жоқ; 0,7 млн теңге - өткізілген мемлекеттік сатып алудан үнемдеу;
  • энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 344,4 млн теңге немесе 85,0%, оның ішінен:

РБ есебінен 326,1 млн теңге: 319,3 млн теңге - қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты белгіленген мерзімде жұмыс орындалуының тоқтап қалуы (ҚР Үкіметі резерві есебінен салу); 6,8 млн теңге - өткізілген мемлекеттік сатып алудан үнемдеу;

ЖБ қаражаты есебінен 18,3 млн теңге - қосу-реттейтін жұмыстарға шарт жасалмаған;

  • ауыл шаруашылығы басқармасы - 126,4 млн теңге (РБ) немесе 98,3%, оның ішінен: 83,7 млн теңге - субсидия алушылардан өтінімдер жоқ; 17,9 млн теңге - сканерлерді сатып алуға конкурс болып өтпеген; 19,1 млн теңге - құлақ биркалары үшін төлем жеткізу факті бойынша жүргізілген; 5,5, млн теңге - жылқылардың таңбасы үшін төлем жеткізу факті бойынша жүргізілген.

Келесі төмен тұрған бюджеттер бойынша бюджеттік шығыстардың ең көп толық игерілмеуі қалыптасты:

Жамбыл - 104,4 млн теңге (96,6%), соның ішінде РБ-тен НТ - 75,1 млн теңге (89,9%), ЖБ - 29,3 млн теңге (98,7%);

Қызылжар - 105,1 млн. теңге (97,5%), соның ішінде РБ-тен НТ - 21,3 млн теңге (98,4%), ЖБ - 83,8 млн теңге (97,0%);

Айыртау - 92,4 млн. теңге (97,5%), соның ішінде РБ-тен НТ - 91,6 млн теңге (89,5%), ЖБ - 0,7 млн теңге (100%);

Тайынша - 152,2 млн теңге (97,5%), соның ішінде РБ-тен НТ - 150,3 млн теңге (94,9%), ЖБ - 1,8 млн теңге (99,9%).

Орта аудандық атқару пайызы 98,3% құрады.

Петропавл қ. бюджеті 94,6% атқарылған, толық игерілмегені - 663,0 млн. теңге, соның ішінде РБ-тен НТ және кредиттер - 467,2 млн теңге (85,2%), ЖБ - 195,7 млн теңге (97,8%).

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер, резерв есебінен іс-шаралар өткізу 90,3% игерілген, жоспардағы 25672,4 млн. теңгеден кассалық шығыстар 23194,0 млн. теңгені құрады, 2478,4 млн. теңге игерілмеген, соның ішінен салалар бойынша:

Ауыл шаруашылығы бойынша жоспардағы 6160486 мың теңгеден 6030689,5 мың теңге, немесе 97,9% игерілген. Ауытқу 129796,5 мың теңге, соның ішінде:

  • эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге 53,7 мың теңге: 50,3 мың теңге - өткізілген мемлекеттік сатып алудан үнемдеу, 3,4 мың теңге - дөңгелектеу есебінен;
  • тұқым шаруашылығын қолдауға 0,9 мың теңге - дөңгелектеу есебінен;
  • асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 24970,3 мың теңге - субсидия алушылардан өтінімдер жоқ;
  • өнімнің өнімділігі мен сапасының көтерілуін субсидиялауға - 58689,9 мың теңге субсидия алушылардан өтінімдер жоқ;
  • ауыл шаруашылық жануарлардың сәйкестендіруін ұйымдастыруға және өткізуге 5535 мың теңге - мал сәйкестендіруді өткізуге аппарат жеткізілмеген; -19138,3 мың теңге - ҰҚМ арналған биркалар жеткізілмеген; -17929,7 мың теңге - сканерлер мен портативтік принтерлерді сатып алуға конкурс болып өтпеген; -0,1 мың теңге - дөңгелектеу есебінен;
  • ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға: 22 мың теңге - бюджеттік кредиттер бойынша қаржы қызметтерінен үнемдеу; -41,4 мың теңге - ықтимал жәрдемақы алушылардың жоғы;
  • сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 3415,2 мың теңге: 3377,7 мың теңге - өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу; 37,5 мың теңге - дөңгелектеу есебінен.

Экономикалық даму және сауда бойынша атқарылмау 453164,3 мың теңгені құрады, оның ішінен:

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға - 710 мың теңге - өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу; -452454,3 мың теңге - БЖК-2020 кәсіпкерлік субъектілерінен өтінімдер жоқ;

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриалды инфрақұрылымды дамытуға - 6827 мың теңге - өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу.

Білім беру бойынша есепті кезеңнің жоспарындағы 3681198 мың теңгеден 3041471,1 мың теңге немесе 82,6 пайыз игерілген. 639327 мың теңге игерілмеген, соның ішінде:

  • мектепке дейінгі білім ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға - 27604,1 мың теңге: 24915 мың теңге - Петропавл қ. мемлекеттік тапсырысты орналастыруға алаң болмауы; 1665 мың теңге - мектепке дейінгі оқыту бойынша қызметін жүзеге асыруға лицензиянын жоғынан Петропавл қ. №1 жалпы білім беру мектебінде шағын орталық ашылмаған; 1024,1 мың теңге - төлем көрсетілген қызметтердің нақты ұсынылған актілеріне сәйкес жүргізілген;
  • үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етуге - 2926,9 мың теңге: 2070,9 мың теңге - жабдықты сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерден үнемдеу; 856 мың теңге - жабдықты сатып алу қажеттілігі жоқ (Қызылжар ауданы, Шал ақын ауданы - контингент жоқ)
  • лингафондық және мультимедиялық кабинеттерді құруға 1,8 мың теңге - конкурстық рәсімдерден үнемдеу (жеткізуші «Логиком» АҚ, Алматы қ.);
  • жетім сәбиді (жетім балалар) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбиді (балаларды) асырап бағу үшін қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайын ақша қаражаттарын төлеуге 16900,9 мың теңге - төлем қамқоршылық органдарына ұсынылған құжаттарға сәйкес нақты есептеу бойынша жасалған;
  • оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға 5,5 мың теңге - конкурстық рәсімдерден үнемдеу;
  • мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілерге біліктілік санаты үшін қосымша төлеу мөлшерін ұлғайтуға 60911,4 мың теңге - қосымша төлеу шығыстары мұғалімдер мен тәрбиешілердің нақты санына сәйкес жасалған;
  • техникалық және кәсіби білім ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлеріне өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін қосымша төлем белгілеуге 809,6 мың теңге - кәсіптік лицейлерде 11 бос қызмет орны болуына байланысты жалақы бойынша үнемдеу;
  • «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын» іске асыру шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыруға, даярлауға және қайта даярлауға 13636,3 мың теңге: 10372,6 мың теңге - төлем кадрларды даярлауға және қайта даярлауға көрсетілген қызметтердің нақты ұсынылған актілеріне сәйкес жүргізілген, 3263,7 мың теңге - 29 оқушы оқу үдерісі барысында оқудан шығарылғанына байланысты;
  • білім беру объектілерін құруға және реконструкциялауға 516530,5 мың теңге: 497718,6 - өндіру жұмыстары кестесінен артта қалу, 18811,9 мың теңге - үнемдеу.

Денсаулық сақтау бойынша есепті кезеңнің жоспарындағы 2745714 мың теңгеден 2683680,8 мың теңге немесе 97,7 пайыз игерілген. 62033,2 мың теңге игерілмеген, соның ішінде:

  • тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге 51665,4 мың теңге: 49684,6 мың теңге - В және С гепатитіне скринингтің екінші кезеңіне аурулар болмауы есебінен және әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, учаскелік медбикелердің қосымша бірліктерінің бос мөлшерлемелері уақытылы жинақталмағанынан әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізуге нысаналы трансферттер бойынша игерілмеу, 1980,8 мың теңге - бос қызметтік орындар (3,5 бірлік) есебінен СӨС орталығында жалақы бойынша үнемдеу;
  • дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға 657,3 мың теңге - үнемдеу;
  • денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 9695,7 мың теңге: 8299,7 мың теңге - реанимобиль, кереует жанындағы мониторларды, операциялық үстелде пациентті жылыту жүйесін, тенсіз төбе шамдарын сатып алуға қаражат жеткіліксіз бөлінген, 1396 мың теңге - медициналық жабдықты сатып алудан үнемдеу;
  • бас бостандығынан айыру орындарында отырған және босатылған тұлғалар арасында АҚТ-инфекциясының алдын алуға әлеуметтік жобаларды іске асыруға 14,9 мың теңге - дөңгелектеу есебінен.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша атқарылмау 270611,4 мың теңгені құрады:

  • инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға 85467,1 мың теңге - құрылысқа жобалар кеш даярланғанына байланысты;
  • «Нұрлы Көш» бағдарламасына сәйкес инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға 3969,9 мың теңге - Қызылжар ауданы бойынша үнемдеу;
  • сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 74469,5 мың теңге: 72802,5 мың теңге - төлем факт бойынша жүргізілген; 1667 мың теңге - үнемдеу;
  • мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға 1,6 мың теңге - үнемдеу;
  • «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 106703,3 мың теңге - өндірістік жұмыстар кестесінен артта қалу, төлем факт бойынша жүргізілген.

Тұрғын үй салуға және сатып алуға кредит беру 595532,6 мың теңге игерілмеген, соның ішінде:

тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға - 268111,6 мың теңге - өндірістік жұмыстар кестесінен артта қалу, төлем факт бойынша жүргізілген.

«Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға - 5521,8 мың теңге - өндірістік жұмыстар кестесінен артта қалу, төлем факт бойынша жүргізілген.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға - 321899,2 мың теңге, өндірістік жұмыстар кестесінен артта қалу, төлем факт бойынша жүргізілген.

Облыс бюджетінің 2011 жылғы 1 желтоқсанына атқарылуы Zip (12 kb)

Дата публикации
10 марта 2020
Дата обновления
10 марта 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы