Меню

Страницы

Статья

2012 жылғы облыс бюджетінің атқарылуы

Облыс бюджетінің 2012 жылғы атқарылуы туралы ақпарат

Облыс бюджеті түсімдер бойынша 2013 жылғы 1 қаңтарда 100,4% атқарылды, жоспардағы 104961,1 млн.теңгеден 105424,6 млн.теңге түсті, нақты асыра орындалу 463,5 млн.теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен түскен нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 28501,6 млн.теңге, соның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер — 15469,2 млн.теңге, нысаналы даму трансферттері — 13032,4 млн.теңге.

Облыстың жергілікті бюджетіне есепті кезең жоспарындағы 22702,6 млн.теңгеден салық департаментімен ескерілетін жеке кірістер 23154,3 млн.теңге түсті немесе 102%. Нақты асыра орындалу 451,7 млн. теңге.

Соның ішінде облыстық бюджетке жоспардағы 10768,5 млн. теңгеден түсімдер 10878,4 млн.теңге немесе 101% құрады. Асыра орындалу 109,9 млн.теңге.

Аудандар мен Петропавл қ. жергілікті бюджетіне жоспардағы 11934,1 млн. теңгеден 12275,9 млн. теңге немесе 102,9% түсті, асыра орындалу 341,8 млн. теңге құрады.

2013 жылғы 1 қаңтар жағдайында облыс бюджетінің шығыстары 106109,0 млн.теңге құрады немесе есепті кезеңдегі төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына шаққанда 108175,0 млн.теңгеден 98,1 % атқарылды.

Игерілмеген қалдық үлесі шығыстардың жалпы сомасында 1,9% немесе 2066,0 млн.теңге құрады (2011 жылғы ұқсас кезеңде атқарылу 97,0% немесе 2890,6 млн.теңгені құрады).

Бюджеттік қаражаттың едәуір игерілмеуі келесі төмен тұрған бюджеттер бойынша қалыптасты:

  • Айыртау  — 231,0 млн.теңге (94,8%), соның ішінде РБ-тен НТ — 187,8 млн.теңге (84,2%): 180,8 млн.тг. тұрғын үй салу бойынша — орындалған жұмыс актілері жоқ. ЖБ — 43,2 млн.теңге (98,7%): 29,0 млн.тг. тұрғын үй салу бойынша — орындалған жұмыс актілері жоқ. 7,3 млн.тг. 50 бір пәтерлі тұрғын үйлерді салуды аяқтау бойынша — төлем орындалған жұмыс актілеріне сәйкес жасалады, 5,0 млн.тг. көше жарықтандырудың әуе желілерін салу бойынша — ЖСҚ болмауына байланысты.
  • Қызылжар — 134,4 млн.теңге (96,9%), соның ішінде РБ-тен НТ — 118,7 млн.теңге (91,2%): 104 млн.тг. — Бескөл ауылындағы қазандықты салу бойынша көзделген жұмыс көлемін жабдықтаушы орындамаған, 12,2 млн.тг. тұрғын үй салу бойынша — орындалған жұмыс актілері жоқ. ЖБ — 15,7 млн.теңге (99,5%): 4,9 млн.тг. коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша — Бескөл ауылындағы орталық қазандықты қосуға көзделген жылу трассасы мен объектілер сызбасының өзгеруіне байланысты, 3,9 млн.тг. елді мекендерді жайластыру бойынша — орындалған жұмыс актілері жоқ.
  • Жамбыл — 87,8 млн.теңге (97,1%), соның ішінде РБ-тен НТ — 20,2 млн.теңге (95,4%): 19,4 млн.тг. жетіспейтін ИКИ дамыту бойынша — ықтимал жабдықтаушылардан өтінімдер келіп түспеген. ЖБ — 67,5 млн.теңге (97,4%): 67,1 млн.тг. білім объектілерін салу және реконструкциялау бойынша — орындалған жұмыс актілері жоқ.
  • Тайынша — 74,3 млн. теңге (98,2%), соның ішінде РБ-тен НТ — 33,0 млн.теңге (94,4%): 9,9 млн.тг. — Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде құрылыс бойынша үлгі жобаның байламына жұмсалған сома, 7,6 млн.тг. — 24 пәтерлі тұрғын үйді реконструкциялау бойынша төлем орындалған жұмыс актілеріне сәйкес жасалады, 3,7 млн.тг. — сатып алынған 16 пәтерге қосылған ИКИ бойынша орындалған жұмыс актілері жоқ, 3,5 млн.тг. — сатып алынған 16 пәтерге қосылған ИКИ бойынша өткізілген конкурстан үнемдеу, ЖБ — 41,3 млн.теңге (98,8%): 29,9 млн.тг. — 36 тұрғын үйді салу аяқталмаған, аумақты жайластыру өткізілмейді, 2,5 млн.тг. — 10 үйді салу бойынша шарт сомасынан 5% мөлшеріндегі қалдық, мемлекеттік комиссия актісіне қол қойылғаннан кейін түпкілікті төлем жасалады.
  • Тимирязев — 30,8 млн.теңге (98,3%), соның ішінде РБ-тен НТ — 30,2 млн.теңге (91,6%),: 29,0 млн.тг. 9 тұрғын үйді салу бойынша — төлем орындалған жұмыс актілеріне сәйкес жасалады, ЖБ — 0,5 млн.тг. (100,0%).

Атқарылудың орта аудандық пайызы 98,2% құрады.

Петропавл қ. бюджеті 97,7% орындалды, игерілмегені — 428,1 млн.теңге, соның ішінде РБ-тен НТ мен кредиттер 302,8 млн.теңге (96,1%), ЖБ — 125,3 млн.теңге (98,8%).

Облыстық бюджет бойынша едәуір атқарылмау келесі бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша қалыптасты:

  • Облыстың құрылыс басқармасы — 581,4 млн.теңге (74,4%), соның ішінде: 506,5 млн.тг. — басты мердігерлік ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес дайындаушы зауытпен темір-бетонды бұйымдарды уақытылы жинақтамау, осыған байланысты жұмыс өндірісі кестесінен артта қалуы, конкурстық рәсімдердің кеш өткізілуі, (Шал ақын, М.Жұмабаев, Есіл және Аққайың аудандарындағы емхана құрылысы бойынша), 44,9 млн.тг. — конкурстық рәсімдердің кеш өткізілуі, 16,6 млн.тг. — шарт міндеттеріне сәйкес түпкілікті төлем сараптаманың оң қорытындысынан кейін жасалады, 9,0 млн.тг. - шарттардың кеш ұсынылуы, 4,3 млн.тг. — МС бойынша үнемдеу;
  • Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы — 75,6 млн.теңге (96,8%), соның ішінде: 49,7 млн.тг. — 2013 жылы толық пайдаланылады (Бизнестің жол картасы — 2020), 22,3 млн.тг. — «Наурыз 2020» ЖШС-не инфрақұрылымды қосуды жобалау бойынша шарт жасаудан жабдықтаушының бас тартуы, ІҚМ жобасын кеш келісуге байланысты, 2,7 млн.тг. — мемлекеттік сатып алу қорытындыларынан үнемдеу (ҚР Үкіметінің резервінен);
  • облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы — 192,3 млн.теңге (97,7 %), соның ішінде: 182,8 млн.тг. — ІҚМ жас төлін импорттау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын жабдықтаушылардың болмауы, 9,5 млн.тг. — субсидия алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен өтінімдердің болмауы;
  • облыстың жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен зілзалалардың алдын алу және ұйымдастыру жөніндегі басқармасы — 0,8 млн.теңге (99,0%) — бюджеттік бағдарлама әкімшісі ағымдағы жөндеуге қаражатты дұрыс жоспарламаған;
  • облыстың денсаулық сақтау басқармасы — 108,7 млн.теңге (99,3%), соның ішінде: 30,1 млн.тг. — Онкологиялық диспансерге медициналық жабдық сатып алу бойынша шарттың орындалуы сот шешімімен тоқтатылды, 35,1 млн.тг. — азаматтардың жүгінулерінің төмендеуі және аурулардың қымбат тұратын нозологиялары бойынша ауруларды шығару есебінен үнемдеу, 30,0 млн.тг. — 2012 ж.19.11 мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» КМҚК күрделі жөндеуге қаражат бөлінген, бір көзден алу тәсілімен конкурс жарияланды, жеткізуші шарт жасасудан бас тартты, 8,7 млн.тг. — мемлекеттік тапсырыс төлемі нақты ұсынылған шоттар бойынша жүргізілді, скринингті зерттеулерге (жатыр мойнының ісігі, коллоректалды ісік), 3,6 млн.тг. — СӨС орталығы бойынша үнемдеу.

Талдау нәтижесінде бюджеттің шығыс бөлігі атқарылмауының негізгі себептері жұмыс өндірісінің кестесінен артта қалу, конкурстық рәсімдердің кеш және уақытылы өткізілмеуі, жабдықтаушылардың шарт міндеттерін орындамауы, орындалған жұмыс актілерінің және ІҚМ импорты бойынша қызметтерді ұсынатын жабдықтаушылардың болмауы, субсидия алуға ауыл шаруашылығы өндірушілерінен өтінімдердің жоқтығы болып табылады.

2012 жылдың облыс бюджетінің  атқарылуы

Дата публикации
10 марта 2020
Дата обновления
10 марта 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы