Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы — елiмiздiң ең маңызды саяси оқиғаларының бiрi.
Биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының өзектi мәселелерiне және қазақстандықтардың болашақтағы әл-ауқатының өсуiне арнлған.
Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев басты бағыт қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi деп белгiлеген. Осыған байланысты 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгi жалақыны бiр жарым есеге — 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге арттыруды тапсырды. Елдiң 1,3 миллион тұрғынының табысы ұлғаяды.
Ортақ есеппен халықтың 35 пайызының және 275 бюджеттiк ұйым қызметкерiнiң жалақысы артады. Осы мақсатта өңiрлерге жыл сайын республикалық бюджеттен қаражат бөлiнiп отырады.
Әл-ауқаттың екiншi құрамдас бөлiгi өмiр сүру деңгейiнiң өсуi болып табылады. Бюджеттiк шығыстардың басымдылығы әлеуметтiк секторға, қауiпсiздiкке және инфрақұрылымға шоғырланады, олар бiлiм берудiң, денсаулық сақтаудың, тұрғын үйдiң сапасы мен қол жетiмдiлiгiн арттыруға, әрбiр қазақстандық отбасының қолайлы және қауiпсiз өмiр сүруiне ықпал етедi.
5 жыл бойы бiлiмге, ғылымға және денсаулық сақтауға барлық қаржыландыру көзiнен ЖIӨ-нен 10 пайызға дейiн жеткiзiлуi тиiс.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн қызметкерлердi ынталандыру үшiн 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу iсiн басқарудың жаңа тәсiлдерiн енгiзген учаскелiк медицина қызметкерлерiнiң жалақысы кезең-кезеңмен 20 пайызға көтерiлетiн болады.
Жаппай спортты арттыру мақсатында өңiрлерде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерi салынады.
Жаңа «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы тұрғын үй ипотекасының қолжетiмдiлiгiн арттырады және 250 мыңнан астам отбасыға тұрғы үй-жағдайларын жақсартуға көмектеседi.
«Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттiк бағдарламалары аясында 2025 жылға дейiн өңiрлiк және қалалық көлiктiк инфрақұрылымды, коммуналдық және тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша жұмыстар жалғасады.
«7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттiк бағдарламалардың басты мақсаты — халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту.
«Бизнестiң жол картасы–2020» бағдарламасы 2025 жылға дейiн ұзартылады, оны iске асыру жаңа жұмыс орнын ашуға, қосымша салық түсiруге және өнiм өндiруге мүмкiндiк бередi.
Жинақы және тиiмдi мемлекеттiк аппарат кез келген реформаны iске асруда маңызды рөл атқарады.
Үстiмiздегi жылы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер үшiн төрт мемлекеттiк органда пилотты режимде жаңа еңбекақы төлеу жүйесi енгiзiлдi.
Солтүстiк Қазақстан облысында факторлы-балдық шкала (бұдан әрi — ФБШ) негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң жаңа еңбекақы жүйесiн енгiзу бойынша белгiлiктi жұмыстар жүргiзiлуде.
ФБШ көшу жөнiндегi жұмыс тобы құрылды, мемлекеттiк мекемелер мен квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметiне талдау жүргiзiлдi.
Әкiмшiлiк шығыстарды қысқарту; құрылымды өзгерту нәтижесiнде шығыстарды қысқарту; қосалқы қызметтердi бiрiктiру; мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыру: ведомстволық бағынысты ұйымдарды оңтайландыру жүргiзiледi.
Үнемделген қаражат мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбекақы төлемiн арттыруға жұмсалады, ол мемлекеттiк қызметке қызығушылықты арттыруға, жоғары бiлiктi мамандардың келуiн ұлғайтуға және кадрлардың кетуiн азайтуға мүмкiндiк бередi.
Мемлекет басшысымен «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауында мемлекеттiк органдардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының санын қысқарту, сондай-ақ әкiмшiлiк шығыстарды азайту үшiн ұйымдарды шоғырландыру бойынша мiндет қойылды (ҚР Президентiнiң 2018 ж. 9.02 №633 Жарғысымен бекiтiлген Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының 80,82-тармақтары).
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiмен бiрлесе отырып, барлық ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға функционалдық талдау жүргiзудi жоспарлап отыр, оның қорытындысы бойынша бәсекелестiк ортаға беру не болмаса тарату, сондай-ақ оларды бiрiктiру үшiн олардың қызметiн оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзiрленетiн болады. Бұдан әрi жаңа ведостволық бағыныстағы ұйымдарды құрудың мақсаттылығын айқындау бойынша бiрыңғай өлшемдердi әзiрлеу жоспарланып отыр. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың санын азайту бюджетке жүктеменi төмендетедi, олардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырады, сондай-ақ осы ұйымдардың мониторингiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды оңтайландыруға мүмкiндiк жасайды.
2018 жылғы наурызда мемлекеттiк мекемелер мен квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметiн оларды оңтайландыру немесе бәсекелестiк ортаға беру бойынша функционалдық талдау жүргiзу жөнiнде Республикалық жұмыс тобының отырысы өткiзiлдi, мұнда Солтүстiк Қазақстан облысының ұсынысы қаралды.
Қазiргi уақытта Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша мына жұмыстар атқарылуда:
Уәлиханов ауданының әкiмдiгiмен «Қызылту тазалық» ШЖҚ КМК тарату туралы 2018 жылғы 20 сәуiрдегi № 88 қаулы қабылданған. Салық тексерiсiнiң қорытындысы бойынша анықталған салық берешегi өтелген. Қазiргi уақытта салық тексерiсi жүргiзiлуде.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Солтүстiк Қазақстан облысының 15 мемлекеттiк архив ұйымына талдау жүргiздi. Қызметiнiң бiртектiлiгiне байланысты архивтер ұқсас сипаттамаларға ие және бiр функцияларды атқарады, осыған байлансты 14 ұйымды қайта ұйымдастыру (бiрiктiру) жолымен, атап айтқанда 13 аудандық архив пен «Петропавл қаласының жеке құрам бойынша архивi» КММ-ны бiр «Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк архивi» КММ-ға шоғырландыру ұсынылды.
Бүгiнгi таңда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 25 тамыздағы № 241 қаулысы бекiтiлген, осы бағытта жұмыс жалғасуда.
М. Жұмабаев ауданында Рощино бастауыш мектебi және Веселовка бастауыш мектебi жабылды, Чистое негiзгi орта мектебi бастауыш мектепке, Майбалық орта мектебi негiзгi мектепке, Золотая Нива орта мектебi негiзгi мектепке, Пролетарка орта мектебi негiзгi мектепке қайта ұйымдастырылды. Сондай-ақ «№ 3 Булаево орта мектебi» КММ мен «Балдәурен бөбекжай балабақшасы» МКҚК «СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево мектеп-бөбекжай кешенi» КММ-ға және «Таманское орта мектебi» КММ мен «Колосок бөбекжай балабақшасы» МКҚК «СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының Таманское мектеп-бөбекжай кешенi» КММ-ға бiрiктiрiлдi.
Ұсыныстарды қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасуда.