2021 жылғы I тоқсанда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына 24 өтiнiш келiп түстi. Оның iшiнен заңды тұлғалардан — 20 және жеке тұлғалардан — 4 өтiнiш. Барлық өтiнiштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңына сәйкес мiндеттi түрде және белгiленген мерзiмде қаралды. Әр айдың соңында ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетiнiң СҚО бойынша басқармасына есеп берiледi.