2021 жылғы 1 қыркүйек жағдайында облыстың жергілікті бюджетіне жоспардағы 43 235,2 млн. теңгеден 44 736,6 млн. теңге немесе 103,5% жеке кірістер түсті. Асыра орындалу 1 501,4 млн. теңге.
Облыстық бюджетке жоспардағы 21 888,2 млн. теңгеден 22 338,4 млн. теңге немесе 102,1% түсті. Асыра орындалу 450,2 млн. теңге.
Аудандық (қалалық) бюджеттерде жоспардағы 21 347,0 млн. теңгеден 22 398,2 млн. теңге немесе 104,9% түсті. Асыра орындалу 1 051,2 млн. теңге.
2021 жылғы 1 қыркүйек жағдайында облыс бюджеті шығыстар бойынша 99,4%-ға атқарылды. Нақтыланған жоспардағы 228 637,5 млн. теңгеден шығыстар 227 179,8 млн. теңгеге жүргізілді. Жүргізілмеген шығыстар 1 457,7 млн. теңге сомасында қалыптасты.
Республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша атқарылу 99,0% құрады, немесе жоспардағы 79 421,8 млн. теңгеден шығыстар 78 613,2 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 808,6 млн. теңге.
Жергілікті бюджет бойынша игерілмеу 649,1 млн. теңге немесе 99,6% құрады.
Орындалмау қалдығы келесі төмен тұрған бюджеттер бойынша қалыптасты:
Мамлют ауданы – 175,7 млн. теңге (93,1%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 170,0 млн. теңге (89,5%), ЖБ – 5,7 млн. теңге (99,4%);
Аққайың ауданы – 58,2 млн. теңге (96,4%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 34,0 млн. теңге (94,2%), ЖБ – 24,2 млн. теңге (97,7%);
Есіл ауданы – 57,5 млн. теңге (96,9%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 32,7 млн. теңге (96,0%), ЖБ – 24,8 млн. теңге (97,6%);
Ақжар ауданы – 56,0 млн. теңге (95,7%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 17,8 млн. теңге (90,1%), ЖБ – 38,2 млн. теңге (96,6%);
Тимирязев ауданы – 53,4 млн. теңге (97,2%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 42,9 млн. теңге (96,6%), ЖБ – 10,5 млн. теңге (98,4%).
Облыстық ұйымдар бойынша ең көп игерілмеу мына басқармалар бойынша қалыптасты:
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 541,0 млн. теңге (90,8%), оның ішінде РБ-дан НТ – 251,6 млн. теңге (90,6%), ЖБ – 289,4 млн. теңге (91,0%);
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 108,3 млн. теңге (97,6%), оның ішінде РБ-дан НТ – 90,7 млн. теңге (96,7%), ЖБ – 17,6 млн. теңге (99,1%);
Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басқармасы – 97,9 млн. теңге (98,2%), оның ішінде РБ-дан НТ – 95,8 млн. теңге (97,1%), ЖБ – 2,1 млн. теңге (99,9%);
Білім басқармасы – 74,3 млн. теңге (99,9%), оның ішінде РБ-дан НТ – 7,5 млн. теңге (100%), ЖБ – 66,9 млн. теңге (99,9%).
2021 жылғы 1 қыркүйекке облыс бюджетінің атқарылуы
млн. теңге
| Атауы | 2021ж.01.09 нақтыланған жоспар | соның ішінде | Атқару | соның ішінде | Атқару % | соның ішінде | Игерілмегені | соның ішінде | ||||
| РБ НТ | ЖБ | РБ НТ | ЖБ | РБ НТ | ЖБ | РБ НТ | ЖБ | |||||
| Айыртау | 2 010,1 | 761,4 | 1 248,7 | 2 008,4 | 761,3 | 1 247,1 | 99,9 | 100,0 | 99,9 | -1,7 | 0,0 | -1,7 |
| Ақжар | 1 292,0 | 180,3 | 1 111,7 | 1 236,0 | 162,5 | 1 073,5 | 95,7 | 90,1 | 96,6 | -56,0 | -17,8 | -38,2 |
| Аққайың | 1 623,4 | 583,5 | 1 039,9 | 1 565,2 | 549,5 | 1 015,7 | 96,4 | 94,2 | 97,7 | -58,2 | -34,0 | -24,2 |
| Есіл | 1 830,1 | 811,9 | 1 018,2 | 1 772,6 | 779,2 | 993,4 | 96,9 | 96,0 | 97,6 | -57,5 | -32,7 | -24,8 |
| Жамбыл | 1 944,9 | 858,2 | 1 086,7 | 1 920,1 | 858,2 | 1 062,0 | 98,7 | 100,0 | 97,7 | -24,8 | 0,0 | -24,8 |
| М.Жұмабаев | 2 584,1 | 959,8 | 1 624,3 | 2 581,5 | 959,8 | 1 621,8 | 99,9 | 100,0 | 99,8 | -2,6 | 0,0 | -2,5 |
| Қызылжар | 1 697,8 | 421,4 | 1 276,4 | 1 695,2 | 421,1 | 1 274,1 | 99,8 | 99,9 | 99,8 | -2,6 | -0,3 | -2,3 |
| Мамлют | 2 532,0 | 1 619,6 | 912,4 | 2 356,2 | 1 449,5 | 906,7 | 93,1 | 89,5 | 99,4 | -175,7 | -170,0 | -5,7 |
| Ғ. Мүсірепов | 3 245,3 | 1 331,3 | 1 914,1 | 3 231,6 | 1 317,7 | 1 913,9 | 99,6 | 99,0 | 100,0 | -13,7 | -13,6 | -0,2 |
| Тайынша | 2 823,8 | 1 401,6 | 1 422,2 | 2 818,6 | 1 399,8 | 1 418,8 | 99,8 | 99,9 | 99,8 | -5,2 | -1,8 | -3,4 |
| Тимирязев | 1 936,1 | 1 272,9 | 663,2 | 1 882,7 | 1 230,0 | 652,7 | 97,2 | 96,6 | 98,4 | -53,4 | -42,9 | -10,5 |
| Уәлиханов | 1 160,6 | 335,1 | 825,5 | 1 133,7 | 324,0 | 809,7 | 97,7 | 96,7 | 98,1 | -26,9 | -11,1 | -15,8 |
| Шал ақын | 1 964,8 | 680,0 | 1 284,8 | 1 929,4 | 651,7 | 1 277,7 | 98,2 | 95,8 | 99,4 | -35,4 | -28,3 | -7,1 |
| Аудандар бойынша жиыны | 26 645,0 | 11 216,9 | 15 428,1 | 26 131,3 | 10 864,4 | 15 266,9 | 98,1 | 96,9 | 99,0 | -513,7 | -352,6 | -161,2 |
| Петропавл қ. | 32 328,4 | 7 345,1 | 24 983,2 | 32 314,3 | 7 342,4 | 24 971,9 | 100,0 | 100,0 | 100,0 | -14,1 | -2,8 | -11,3 |
| Облыстық | 173 306,6 | 60 859,7 | 112 446,8 | 172 376,6 | 60 406,4 | 111 970,2 | 99,5 | 99,3 | 99,6 | -929,9 | -453,3 | -476,6 |
| БАРЛЫҒЫ | 228 637,5 | 79 421,8 | 149 215,7 | 227 179,8 | 78 613,2 | 148 566,6 | 99,4 | 99,0 | 99,6 | -1 457,7 | -808,6 | -649,1 |