Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы жинақтарының жалпы көлемiндегi таза инвестициялық табыстың үлесi 36,1% құрады

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 12,8 триллион теңгеге жеттi. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.

2021 жылдың 7 айында салымшылардың шоттарына 798,3 млрд теңге мөлшерiнде таза инвестициялық кiрiс есептелдi. Ол шарттардың барлық түрлерi бойынша түсетiн жарналардың көлемiнен асып түстi. Салыстыратын болсақ, өткен жылдың осы кезеңiнде ол 752, 9 млрд болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiк жыл басынан берi 6,48%, ал инфляция 5,3% болды. Соңғы 12 айда ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi 10,56%, ал инфляция 8,4% көрсеттi.

Естерiңiзге сала кетейiк, жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түсетiн, есебiн БЖЗҚ жүргiзетiн зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқарушы — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi түрлi қаржы құралдарына инвестициялайды.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижелерiне сәйкес апта сайын қайта есептеледi және қайта бағаланады. Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түрiндегi кiрiстер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кiрiстер және т.б. кiредi.

Жалпы, барлық зейнетақы активтерi БЖЗҚ-ға бiрiктiрiлген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 5,5 трлн теңгеден асты. 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемiндегi таза инвестициялық табыстың үлесi 36,1% болды.

Егер Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесi құрылған 1998 жылдан бергi кезеңдi алсақ, таза инвестициялық табыс 6,3 триллион теңгенi құрады.

2021 жылдың 1 тамызындағы инвестициялық кiрiстiлiк өсу қорытындысымен 648,44% болды. Ал инфляция — 528,27%. Осылайша жинақтаушы зейнетақы жүйесi қолданысқа енгiзiлген сәттен бастап 2021 жылғы 1 тамызға дейiнгi кезеңде зейнетақы активтерiнiң нақты кiрiстiлiгi 120,17% көрсеттi.

Ұлттық банктен басқа БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының бiр бөлiгiн инвестициялық портфельдi басқарушы (ИПБ) компанияларға аудара алады. Қазiргi уақытта БЖЗҚ төрт ИПБ-мен зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқару туралы шарт жасады. Сiз бұл туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын enpf.kz веб-сайтындағы «Қызметтер» — «Инвестициялық портфельдi басқарушылар тiзiлiмi» бөлiмiнен көре аласыз.

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерiн басқаруға алғаннан кейiн ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекiтiлген Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру қағидаларында көрсетiлген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етiлген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Айта кетейiк, «Jýsan Invest» АҚ сенiмгерлiк басқаруындағы зейнетақы активтерi қызмет басталғаннан берi (2021 жылғы 15 наурыз) 4,13% деңгейiнде табыстылық көрсеттi. «Halyk Global Markets» АҚ сенiмгерлiк басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң осы кезеңдегi табыстылығы — 2,96%; «BCC Invest» АҚ — 2,77%. «Сентрас Секьюритиз» АҚ зейнетақы активтерiн 2021 жылдың 1 сәуiрiнен бастап басқарады, осы уақыт iшiндегi инвестициялық табыстылық 3,99% болды.

Зейнетақы жинақтары — бұл ұзақ мерзiмдi инвестициялар, сондықтан инвестициялық табыстың мөлшерiн кемiнде 1 (бiр) жыл кезеңiнде талдаған орынды. Қысқа мерзiмдi деректер (күнделiктi, ай сайынғы және т.б.) көрсеткiш болып табылмайды, өйткенi, олар күнделiктi нарықтық жағдайға байланысты.

Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерiн есепке алудың барлық жүйесi ашық: әрбiр салымшы өзiнiң инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе ұялы қосымшаның көмегiмен бақылай алады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару және зейнетақы активтерi орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткiштер/Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде жарияланып отырады.

Салымшы зейнеткерлiк жасқа толғанға дейiн Ұлттық Банктiң басқаруында болатын зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейi ескерiлiп отыратын сақталу кепiлдiгi қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттiк кепiлдiк басқарушы компанияның зейнетақы активтерiнiң ең төменгi кiрiстiлiк деңгейiн қамтамасыз ететiн кепiлдiгiмен алмастырылады. Кiрiстiлiктiң ең төменгi деңгейi нарықта әрекет ететiн ИПБ-ның басқаруына берiлген зейнетақы активтерiнiң орташа алынған кiрiстiлiгiн негiзге ала отырып есептелiнедi.

Дата публикации
31 августа 2021
Дата обновления
31 августа 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы