2021 жылғы 1 маусым жағдайында облыстың жергілікті бюджетіне жоспардағы 27 836,1 млн. теңгеден 29 200,7 млн. теңге немесе 104,9% жеке кірістер түсті. Асыра орындалу 1 364,6 млн. теңге.
Облыстық бюджетке жоспардағы 14 596,1 млн. теңгеден 15 229,3 млн. теңге немесе 104,3% түсті. Асыра орындалу 633,2 млн. теңге.
Аудандық (қалалық) бюджеттерде жоспардағы 13 240,0 млн. теңгеден 13 971,4 млн. теңге немесе 105,5% түсті. Асыра орындалу 731,4 млн. теңге.
2021 жылғы 1 маусым жағдайында облыс бюджеті шығыстар бойынша 98,9%-ға атқарылды. Нақтыланған жоспардағы 107 929,0 млн. теңгеден шығыстар 106 776,6 млн. теңгеге жүргізілді. Жүргізілмеген шығыстар 1 152,4 млн. теңге сомасында қалыптасты.
Республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша атқарылу 97,2% құрады, немесе жоспардағы 27 634,2 млн. теңгеден шығыстар 26 847,3 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 786,9 млн. теңге.
Жергілікті бюджет бойынша игерілмеу 365,5 млн. теңге немесе 99,5% құрады.
Орындалмау қалдығы келесі төмен тұрған бюджеттер бойынша қалыптасты:
Петропавл қ. – 128,0 млн. теңге (99,3%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 100%, ЖБ – 128,0 млн. теңге (99,1%);
Тимирязев – 21,4 млн. теңге (97,4%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 13,7 млн. теңге (97,0%), ЖБ – 7,7 млн. теңге (97,8%);
Есіл – 19,7 млн. теңге (97,1%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 2,0 млн. теңге (98,6%), ЖБ – 17,7 млн. теңге (96,8%);
Қызылжар – 19,1 млн. теңге (97,9%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 0,3 млн. теңге (99,8%), ЖБ – 18,9 млн. теңге (97,6%);
Жамбыл – 17,5 млн. теңге (97,3%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 0,6 млн. теңге (99,5%), ЖБ – 16,9 млн. теңге (96,9%).
Облыстық ұйымдар бойынша ең көп игерілмеу мына басқармалар бойынша қалыптасты:
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 791,7 млн. теңге (79,1%), оның ішінде РБ-дан НТ – 724,5 млн. теңге (75,7%), ЖБ – 67,2 млн. теңге (91,7%);
Білім басқармасы – 76,9 млн. теңге (99,8%), оның ішінде РБ-дан НТ – 19,4 млн. теңге (99,8%), ЖБ – 57,6 млн. теңге (99,8%).
2021 жылғы 1 маусымға облыс бюджетінің атқарылуы
млн. теңге
| Атауы | 2021 ж. 01.06 нақтыланған жоспар | соның ішінде | Атқару | соның ішінде | Атқару % | соның ішінде | Игерілмегені | соның ішінде | ||||
| РБ НТ | ЖБ | РБ НТ | ЖБ | РБ НТ | ЖБ | РБ НТ | ЖБ | |||||
| Айыртау | 785,8 | 105,8 | 680,1 | 784,7 | 105,8 | 678,9 | 99,8 | 100,0 | 99,8 | -1,2 | 0,0 | -1,2 |
| Ақжар | 597,2 | 69,1 | 528,1 | 591,4 | 69,1 | 522,3 | 99,0 | 100,0 | 98,9 | -5,9 | 0,0 | -5,8 |
| Аққайың | 743,1 | 271,3 | 471,8 | 742,1 | 271,2 | 470,9 | 99,9 | 100,0 | 99,8 | -1,0 | 0,0 | -1,0 |
| Есіл | 687,9 | 144,3 | 543,6 | 668,2 | 142,3 | 525,9 | 97,1 | 98,6 | 96,8 | -19,7 | -2,0 | -17,7 |
| Жамбыл | 656,7 | 115,0 | 541,7 | 639,2 | 114,4 | 524,8 | 97,3 | 99,5 | 96,9 | -17,5 | -0,6 | -16,9 |
| М.Жұмабаев | 831,8 | 101,3 | 730,6 | 831,3 | 101,3 | 730,1 | 99,9 | 100,0 | 99,9 | -0,5 | 0,0 | -0,5 |
| Қызылжар | 927,6 | 152,3 | 775,3 | 908,5 | 152,0 | 756,5 | 97,9 | 99,8 | 97,6 | -19,1 | -0,3 | -18,9 |
| Мамлют | 640,0 | 135,4 | 504,6 | 629,1 | 131,8 | 497,3 | 98,3 | 97,3 | 98,5 | -10,9 | -3,6 | -7,3 |
| Ғ. Мүсірепов | 998,8 | 218,0 | 780,8 | 998,7 | 217,9 | 780,7 | 100,0 | 100,0 | 100,0 | -0,1 | 0,0 | -0,1 |
| Тайынша | 1 002,4 | 282,0 | 720,4 | 1 001,1 | 281,3 | 719,7 | 99,9 | 99,8 | 99,9 | -1,4 | -0,7 | -0,7 |
| Тимирязев | 806,8 | 457,6 | 349,3 | 785,5 | 443,9 | 341,6 | 97,4 | 97,0 | 97,8 | -21,4 | -13,7 | -7,7 |
| Уәлиханов | 527,5 | 69,4 | 458,1 | 514,2 | 67,9 | 446,4 | 97,5 | 97,9 | 97,4 | -13,2 | -1,5 | -11,8 |
| Шал ақын | 778,9 | 216,6 | 562,4 | 773,9 | 216,5 | 557,4 | 99,3 | 100,0 | 99,1 | -5,1 | -0,1 | -5,0 |
| Аудандар бойынша жиыны | 9 984,7 | 2 337,9 | 7 646,8 | 9 867,7 | 2 315,3 | 7 552,4 | 98,8 | 99,0 | 98,8 | -117,0 | -22,5 | -94,5 |
| Петропавл қ. | 17 705,7 | 3 744,4 | 13 961,3 | 17 577,7 | 3 744,4 | 13 833,3 | 99,3 | 100,0 | 99,1 | -128,0 | 0,0 | -128,0 |
| Облыстық | 83 925,8 | 21 551,9 | 62 373,9 | 83 018,4 | 20 787,6 | 62 230,8 | 98,9 | 96,5 | 99,8 | -907,4 | -764,3 | -143,1 |
| БАРЛЫҒЫ | 107 929,0 | 27 634,2 | 80 294,9 | 106 776,6 | 26 847,3 | 79 929,3 | 98,9 | 97,2 | 99,5 | -1 152,4 | -786,9 | -365,5 |