2021 жылғы 1 мамыр жағдайында облыстың жергілікті бюджетіне жоспардағы 21 991,6 млн. теңгеден 23 384,5 млн. теңге немесе 106,3% жеке кірістер түсті. Асыра орындалу 1 392,9 млн. теңге.
Облыстық бюджетке жоспардағы 12 194,4 млн. теңгеден 12 672,1 млн. теңге немесе 103,9% түсті. Асыра орындалу 477,7 млн. теңге.
Аудандық (қалалық) бюджеттерде жоспардағы 9 797,2 млн. теңгеден 10 712,4 млн. теңге немесе 109,3% түсті. Асыра орындалу 915,2 млн. теңге.
2021 жылғы 1 мамыр жағдайында облыс бюджеті шығыстар бойынша 99,2%-ға атқарылды. Нақтыланған жоспардағы 77 542,9 млн. теңгеден шығыстар 76 950,6 млн. теңгеге жүргізілді. Жүргізілмеген шығыстар 592,3 млн. теңге сомасында қалыптасты.
Республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша атқарылу 98,1% құрады, немесе жоспардағы 20 137,3 млн. теңгеден шығыстар 19 758,2 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 379,2 млн. теңге.
Жергілікті бюджет бойынша игерілмеу 213,2 млн. теңге немесе 99,6% құрады.
Орындалмау қалдығы келесі төмен тұрған бюджеттер бойынша қалыптасты:
Мамлют – 36,5 млн. теңге (96,2%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 28,6 млн. теңге (80,1%), ЖБ – 7,9 млн. теңге (99,0%);
Есіл – 11,2 млн. теңге (98,2%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 0,2 млн. теңге (99,8%), ЖБ – 11,1 млн. теңге (97,9%);
Петропавл қ. – 51,2 млн. теңге (99,4%), оның ішінде РБ берілетін НТ – 100%, ЖБ – 51,2 млн. теңге (99,2%).
Облыстық ұйымдар бойынша ең көп игерілмеу мына басқармалар бойынша қалыптасты:
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 417,1 млн. теңге (86,6%), оның ішінде РБ-дан НТ – 339,5 млн. теңге (86,3%), ЖБ – 77,6 млн. теңге (87,4%);
Білім басқармасы – 41,5 млн. теңге (99,9%), оның ішінде РБ-дан НТ – 2,3 млн. теңге (100%), ЖБ – 39,3 млн. теңге (99,8%).
2021 жылғы 1 мамырға облыс бюджетінің атқарылуы
млн. теңге
| Атауы | 2021 ж. 01.05 нақтыланған жоспар | соның ішінде | Атқару | соның ішінде | Атқару % | соның ішінде | Игерілмегені | соның ішінде | ||||
| РБ НТ | ЖБ | РБ НТ | ЖБ | РБ НТ | ЖБ | РБ НТ | ЖБ | |||||
| Айыртау | 595,0 | 72,9 | 522,1 | 590,5 | 72,9 | 517,6 | 99,2 | 100,0 | 99,1 | -4,5 | 0,0 | -4,5 |
| Ақжар | 348,0 | 50,7 | 297,3 | 347,0 | 50,6 | 296,4 | 99,7 | 99,7 | 99,7 | -1,0 | -0,1 | -0,9 |
| Аққайың | 545,1 | 177,0 | 368,1 | 544,8 | 177,0 | 367,7 | 99,9 | 100,0 | 99,9 | -0,3 | 0,0 | -0,3 |
| Есіл | 624,7 | 91,9 | 532,8 | 613,5 | 91,7 | 521,7 | 98,2 | 99,8 | 97,9 | -11,2 | -0,2 | -11,1 |
| Жамбыл | 410,3 | 55,1 | 355,2 | 408,3 | 55,1 | 353,2 | 99,5 | 100,0 | 99,4 | -2,0 | 0,0 | -2,0 |
| М.Жұмабаев | 653,3 | 79,5 | 573,8 | 653,1 | 79,5 | 573,6 | 100,0 | 100,0 | 100,0 | -0,2 | 0,0 | -0,2 |
| Қызылжар | 726,2 | 98,8 | 627,4 | 725,3 | 98,6 | 626,7 | 99,9 | 99,8 | 99,9 | -0,9 | -0,2 | -0,6 |
| Мамлют | 958,0 | 143,6 | 814,4 | 921,5 | 114,9 | 806,5 | 96,2 | 80,1 | 99,0 | -36,5 | -28,6 | -7,9 |
| Ғ. Мүсірепов | 671,8 | 98,5 | 573,3 | 671,5 | 98,5 | 573,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 | -0,3 | 0,0 | -0,3 |
| Тайынша | 546,1 | 90,6 | 455,5 | 544,6 | 89,9 | 454,7 | 99,7 | 99,3 | 99,8 | -1,5 | -0,7 | -0,8 |
| Тимирязев | 327,4 | 84,1 | 243,3 | 323,9 | 82,1 | 241,8 | 98,9 | 97,5 | 99,4 | -3,5 | -2,1 | -1,5 |
| Уәлиханов | 359,4 | 50,1 | 309,3 | 351,6 | 47,8 | 303,8 | 97,8 | 95,6 | 98,2 | -7,7 | -2,2 | -5,5 |
| Шал ақын | 435,6 | 68,2 | 367,4 | 434,6 | 68,2 | 366,4 | 99,8 | 99,9 | 99,7 | -1,0 | 0,0 | -1,0 |
| Аудандар бойынша жиыны | 7 200,9 | 1 161,1 | 6 039,8 | 7 130,2 | 1 126,9 | 6 003,3 | 99,0 | 97,1 | 99,4 | -70,8 | -34,2 | -36,5 |
| Петропавл қ. | 8 910,2 | 2 638,6 | 6 271,5 | 8 859,0 | 2 638,6 | 6 220,4 | 99,4 | 100,0 | 99,2 | -51,2 | 0,0 | -51,2 |
| Облыстық | 62 314,7 | 16 337,6 | 45 977,1 | 61 844,3 | 15 992,7 | 45 851,6 | 99,2 | 97,9 | 99,7 | -470,4 | -345,0 | -125,5 |
| БАРЛЫҒЫ | 77 542,9 | 20 137,3 | 57 405,6 | 76 950,6 | 19 758,2 | 57 192,4 | 99,2 | 98,1 | 99,6 | -592,3 | -379,2 | -213,2 |