Салымшыларға ыңғайлы болу және зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын пайдалану мен басқарушы компанияларға аударудың жаңа мүмкiндiктерiн ескере отырып, БЖЗҚ 2021 жылдың басынан бастап ұялы қосымшасын жаңартты.
Қосымша Қордың клиенттерiне арналған және оның қызметi туралы өзектi ақпаратты, сондай-ақ, зейнетақы шотының жай-күйi туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi алуға мүмкiндiк бередi.
ENPF мобильдi қосымшасын Android және IOS базасындағы кез келген смартфонға немесе планшетке тегiн жүктеп алуға болады. Авторлану үшiн логин мен пароль пайдаланылады, оның көмегiмен салымшы/алушы Қор сайтындағы жеке кабинетiне кiредi. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшiн сервис қазақ және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi. Бұл бағдарлама автоматты түрде жаңартылады, егер сiздiң смартфоныңыз жаңартуларды қабылдамаса, Play Market немесе App Store қосымшасын пайдалана отырып, оның жаңа нұсқасын жүктеу арқылы жасауға болады.
Естерiңiзге сала кетейiк, мобильдi қосымшаның көмегiмен жеке зейнетақы шотының бар екендiгi туралы анықтама, ЖЗШ-дан үзiндi көшiрме алуға, сiздi қызықтыратын мәселе бойынша өтiнiш жiберуге, мобильдi кеңсенiң шығуына, керi қоңырауға тапсырыс беруге, өз деректемелерiңiзге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге, зейнетақы калькуляторының көмегiмен болашақ зейнетақының болжанатын мөлшерiн есептеуге болады. Сондай-ақ, ол арқылы шоттың жай-күйiн бақылауға, зейнетақы жүйесiндегi барлық өзгерiстер туралы бiлуге, БЖЗҚ-ның жақын жердегi кеңсесiнiң орналасқан жерiн көруге, тiптi байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.
Бұған тағы да жаңа функциялар қосылды — ендi БЖЗҚ-ның әрбiр салымшысы мобильдi қосымша арқылы зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге не инвестициялық портфельдi басқарушы компанияларға аударуға пайдалану құқығын iске асыру үшiн жеке зейнетақы шотындағы қаражатының жеткiлiктi екендiгiн бiле алады.
Смартфондарға арналған жаңартылған қосымшаның басты артықшылығы — оның «жеңiлдетiлген» нұсқа екендiгiнде. «Салмағы» қазiр бұрынғыға қарағанда әлдеқайда аз: Android телефонына орнатқаннан кейiн қосымшаның өлшемi — алдыңғы 384 Мб орнына 105 Мб, IOS — 300 Мб орнына 41 Мб болды. Google компаниясының Flutter платформасын қолдана отырып, жаңа нұсқа жасалды. Ол кең таралған және үлкен қауымдастықтың қолданысына ие, сонымен қатар көптеген кiтапханалары мен мүмкiндiктерi де бар, бұл қосымшаның көлемiн азайтып, оның жауабын тездетуге мүмкiндiк бередi.
Сондай-ақ, пайдаланушы интерфейстiң заманауи стандарттары бойынша толық қайта жобалау жүргiзiлдi.
Бұл сервис салымшыларға өздерiнiң зейнетақы жинақтарын тәулiгiне 24 сағат, аптасына 7 күн бақылауға мүмкiндiк бередi.
Қазақстандықтар ENPF ұялы қосымшасының ыңғайлылығын жоғары бағалады. Егер 2021 жылғы 1 қаңтарда қосымшаны Android-ке 988 000, IOS-қа 314 000 жүктеу iске асырылған болса, ағымдағы жылғы 24 наурызға қарай бұл деректер Android-ке — 1 430 000, IOS-қа — 387 000 жүктеудi құрады. Осылайша, қосымшаны пайдаланушылардың жалпы саны үш айға да толмайтын қысқа мерзiм iшiнде жарты миллионнан асты (немесе шамамен 40%).