Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 13 триллион теңгеден асты

БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 ақпанындағы негiзгi көрсеткiштерi

2021 жылдың 1 ақпанына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.02.2020 жылдан бастап 01.02.2021 жылға дейiнгi бiр жыл iшiнде зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2, триллион теңгеден аса немесе 21% өстi.

Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен жинақталды, оның мөлшерi 12,8 трлн теңге (жыл басынан бергi өсiм — 20%). Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 324,4 млрд теңге (өсiм 29%), ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге (өсiм 13%) жеттi.

2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 ақпанына дейiнгi бiр ай iшiнде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 176,7 млрд теңге мөлшерiнде таза инвестициялық табыс есептелгенiн атап өткен жөн, бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 148,5 млрд теңгеге артық.

2021 жылдың басынан берi БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 88,9 млрд теңге таза инвестициялық табыс есептелдi. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 2,3 млрд теңгеге немесе 3% артық. Жарналардың жалпы көлемiнiң 93,3% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсiмдер құрайды — 82,8 млрд теңге (өсiм 2%), 5,9 млрд теңге (өсiм 20%) МКЗЖ бойынша келiп түстi, 29 млн теңге (өсiм 82%) ЕЗЖ бойынша аударылды.

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бiрлiктi құрады (жыл iшiндегi өсiм 11%). Шоттардың ең көп саны мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды — 10 977 453 (жыл iшiндегi өсiм 11%). Одан әрi МКЗЖ есебiнен қалыптасқан шоттар — 529 571 (өсiм 4%), БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебiнен қалыптасқан шоттар саны қазiр 59 034 (өсiм 8%).

Төлемдер 73,8 млрд теңгенi құрады, 2020 жылғы 1 ақпандағы көрсеткiштермен салыстырғанда сома 55,9 млрд теңгеге ұлғайды. Көп жағдайда мұндай өсу 2021 жылғы 30 қаңтарда Үкiметтiң 2021 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы төлемдерiн, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бiржолғы зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларының күшiне енуiмен байланысты.

Осы күннен кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi, 2021 жылдың 1 ақпанында БЖЗҚ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ уәкiлеттi операторынан БЖЗҚ-ға 25 қаңтарда келiп түскен өтiнiштер бойынша төлем жүргiзудi бастады. Жинақтарды уәкiлеттi операторға аудару уәкiлеттi оператордан БЖЗҚ-ға салымшының өтiнiшi келiп түскеннен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады. Естерiңiзге сала кетейiк, 25 қаңтарда, яғни «Отбасы банк» АҚ-дан өтiнiштер түскен алғашқы күнi жалпы сомасы шамамен 49 млрд теңге болатын 8 460 өтiнiш (немесе берiлген өтiнiштердiң жалпы санының 82%) тексеруден сәттi өттi. Дәл осы сома салымшылардың арнайы шоттарына аудару және әрi қарай мақсатты пайдалану үшiн «Отбасы банк» АҚ-ға аударылды.

Осыған байланысты БЖЗҚ-дан төлемдер өстi. Сонымен қатар, төлемдер сомасы бойынша сақтандыру ұйымдарына да аударымдар жасалды (9,1 млрд теңге), одан кейiнгi орында жасына байланысты төлемдер (6,5 млрд теңге), мұрагерлерге (5,9 млрд теңге), ҚР шегiнен тыс ТТЖ шығу бойынша төлемдер (2,1 млрд теңге), жерлеуге арналған төлемдер (0,4 млрд теңге), мүгедектiк бойынша төлемдер (0,2 млрд теңге).

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы