Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру тәртiбi туралы

2021 жылғы қаңтардан бастап азаматтарға өздерiнiң зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшiн ғана емес, сондай-ақ, басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельдi басқарушы — ИПБ) инвестициялық басқаруға беру үшiн де пайдалану құқығын беретiн заңнамалық нормалар күшiне ендi.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi:

  • зейнетақы активтерi сенiмгерлiк басқаруға берiлуi мүмкiн ИПБ-ға қойылатын талаптарды, сондай-ақ, зейнетақы активтерi есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
  • зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарға сәйкес келетiн ИПБ тiзiлiмiн ай сайын жүргiзедi және өзiнiң интернет-ресурсына орналастырады.

Салымшы сондай-ақ, қолданыстағы ИПБ тiзбесiмен және олар ұсынатын инвестициялық декларациялармен БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында таныса алады.

Зейнетақы жинақтарын сенiмгерлiк басқаруға беру үшiн:

ИПБ тарапынан:

1) уәкiлеттi орган — Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкестiгi;

2) ИПБ уәкiлеттi органдар тiзiлiмiне енгiзiлуi;

3) БЖЗҚ мен ИПБ арасында жасалған зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқару туралы шарттың болуы;

4) БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы керек.

салымшы тарапынан:

1) салымшының БЖЗҚ-ға берген ИПБ таңдау туралы жазбаша өтiнiшiнiң болуы;

2) салымшының БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында ИПБ-ға беру үшiн жеткiлiктi қаражаттың болуы тиiс.

Салымшының зейнетақы жинақтары ИПБ басқаруына:

  • салымшының БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткiлiктiлiк шегi арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде; немесе
  • өмiр бойғы төлемдердi көздейтiн сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде берiлуi мүмкiн.

Зейнетақы жинақтарын бiр немесе бiрнеше ИПБ-ға аудару үшiн салымшы БЖЗҚ-ға өтiнiшпен жүгiнуi қажет. Өтiнiш БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңiрлiк бөлiмшесiне өзi келiп, өтiнiш бiлдiргенде берiлуi мүмкiн.

БЖЗҚ жеткiлiктiлiк сомасынан асатын зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн салымшыдан өтiнiш келiп түскен күннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде ИПБ-ның сенiмгерлiк басқаруына аударуды жүзеге асырады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлiгi Ұлттық банктiң басқаруында қала бередi.

ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берiлген зейнетақы жинақтары бiржолғы зейнетақы төлемдерi түрiне жатпайды (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу мақсаттарына алынған жағдайдағыдай) және оларға ИПБ-ға аударған кезде жеке табыс салығы салынбайды.

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерiн алғаннан кейiн ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекiтiлген Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру қағидаларында көрсетiлген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген, яғни рұқсат етiлген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқарғаны үшiн комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шектi шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% — ынан аспауы керек. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекiтетiн болады және ол жылына көп дегенде бiр рет өзгеруi мүмкiн.

Зейнетақы активтерiн ИПБ-ның сенiмгерлiк басқаруына алғаш бергеннен кейiн салымшы:

  • БЖЗҚ-ға өзiнiң зейнетақы жинақтарын бiр ИПБ-дан екiншi ИПБ-ға сенiмгерлiк басқаруға беру туралы өтiнiштi жылына көп дегенде бiр рет беруге;
  • БЖЗҚ-ға ИПБ сенiмгерлiк басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Ұлттық банктiң сенiмгерлiк басқаруына қайтаруға (зейнетақы жинақтары ИПБ сенiмгерлiк басқаруына алғаш берiлгеннен кейiн екi жылдан ерте емес) өтiнiш беруге құқылы.

Салымшы зейнет жасына жеткенге дейiн күнтiзбелiк 10 күн бұрын салымшының зейнетақы жинақтары Ұлттық Банктiң инвестициялық басқаруына қайтарылады.

Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктiң басқаруында болған кезеңде салымшы зейнет жасына жеткенге дейiн инфляция деңгейiн ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк қолданылады. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепiлдiгi басқарушы компанияның зейнетақы активтерi кiрiстiлiгiнiң ең төменгi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегi кепiлдiгiмен ауыстырылады. Кiрiстiлiктiң ең төменгi деңгейi нарықта әрекет ететiн ИПБ-ның басқаруына берiлген зейнетақы активтерiнiң орташа алынған кiрiстiлiгiнен есептелетiн болады. Зейнетақы активтерi бойынша ең төменгi кiрiстiлiк және орташа алынған кiрiстiлiк көрсеткiштерi туралы ақпарат ай сайын жарияланады.

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы