Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ-ның комиссиялық сыйақысы 2021 жылы қаншалықты төмендейдi?

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2020 жылғы 27 қарашадағы №132 қаулысымен «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлiк қоғамының комиссиялық сыйақысының 2021 жылға арналған шамасы:

  1. инвестициялық табыс сомасының 2,0 пайызы;
  2. зейнетақы активтерiнiң айына 0,01 пайызы көлемiнде бекiтiлдi.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес комиссиялық сыйақының шектi шамасы инвестициялық табыстың 7,5 пайызынан және зейнетақы активтерiнiң айына 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгiленедi.

Осылайша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгiленетiн комиссиялық сыйақының заңда белгiленген шектi шамалардан төмен нақты шамалары мынадай:

  • инвестициялық табыс сомасынан — 3,75 есе;
  • зейнетақы активтерiнен — 2,5 есе.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, жыл сайын комиссиялық сыйақыны төмендету және Қордың шығыстарын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргiзедi. Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ комиссияларының мөлшерiн жыл сайын Ұлттық Банк Басқармасы айқындайды. Атап айтқанда, 2020 жылға комиссия мөлшерi инвестициялық табыстың 5%-нан 2%-на дейiн және зейнетақы активтерiнен айына 0,015%-дан 0,011%-ға дейiн айтарлықтай төмендетiлдi.

Заңға сәйкес БЖЗҚ комиссиялық сыйақының екi түрiн де алады және барлық шығындарды, соның iшiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға байланысты шығындарды да жабады. БЖЗҚ-ның меншiктi капиталының өсiмi және меншiктi активтердi инвестициялау комиссиялық сыйақыны одан әрi төмендетуге мүмкiндiк бередi.

Комиссиялық сыйақының салыстырмалы және абсолюттiк шамаларының төмендеуi зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқарушы ретiнде Ұлттық Банктiң, сондай-ақ, қаржы құралдарын инвестициялық есепке алу, жеке зейнетақы шоттарын дербестендiрiлген есепке алу, салымшылар мен алушыларға зейнетақы қызметтерiн көрсету жөнiндегi бiрыңғай оператор ретiнде БЖЗҚ жүргiзген жұмыстың нәтижесi болып табылады.

Жалпы инвестициялық басқаруға және кастодиандық қызметтерге комиссиялық шығыстар төмендетiлдi, бизнес-үдерiстердi автоматтандыру және қызметкерлердiң еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, зейнетақы қызметтерiн электрондық форматқа көшiру және операциялардың жалпы көлемiндегi олардың үлесiн ұлғайту бойынша жүргiзiлген жұмыстар нәтижесiнде, сондай-ақ, әкiмшiлiк шығыстардың бiр бөлiгiн меншiктi активтердi инвестициялаудан түскен кiрiстерден жабу есебiнен БЖЗҚ-ның әкiмшiлiк шығыстары азайтылды.

Комиссиялық сыйақы шамасының айтарлықтай төмендеуi салымшылар мен алушылардың инвестициялық табысы мен зейнетақы жинақтарының көбеюiне оң әсерiн тигiзуде.

Дата публикации
02 декабря 2020
Дата обновления
02 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы