2025 жылғы 1 мамыртар жағдайында облыстың жергілікті бюджетіне 52 млрд. 114,2 млн. теңге меншікті кірістер түсті. Болжам 111,3%-ға атқарылды. Асыра орындау 5 310,0 млн. теңге сомада қалыптасты.
Облыстық бюджетке 27 млрд. 880,5 млн.теңге түсті, бұл жоспардан 105,4% құрады. Болжамнан тыс 1 433,6 млн.теңге түсті.
Аудандық (қалалық) бюджеттерге 24 млрд. 233,7 млн. теңге түсті, бұл жоспардан 119,0% құрады. Болжамнан тыс 3 876,4 млн.теңге түсті.
2025 жылғы 1 мамыр жағдайында шығыстар бойынша облыс бюджеті 99,2%-ға атқарылды. Нақтыланған жоспардағы 176 525,2 млн.теңгеден шығыстар 175 188,4 млн.теңгеге жүргізілді. Жүргізілмеген шығыстар қалдығы 1 336,8 млн.теңге сомада қалыптасты.
Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша атқарылу 95,6%-ды құрады, игерілмеу 832,2 млн. теңге сомада қалыптасты.
Жергілікті бюджет бойынша игерілмеу 504,6 млн. теңгені немесе 99,7%-ды құрады.
Келесі төмен тұрған бюджеттер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша игерілмеу қалыптасты:
Айыртау ауданы – 519,7 млн. теңге (80,8%), оның ішінде РБ-дан берілетін НТ – 388,6 млн.теңге (9,3%), ЖБ – 131,1 млн.теңге (94,2%);
Шал ақын ауданы – 355,0 млн.теңге (83,6%), оның ішінде РБ-дан берілетін НТ – 349,0 млн.теңге (42,2%), ЖБ – 6,0 млн.теңге (99,6%).
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 43,4 млн.теңге (99,0%) ЖБ;
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы – 23,0 млн.теңге (98,5%), оның ішінде РБ-дан берілетін НТ – 8,8 млн.теңге (97,9%), ЖБ – 14,2 млн.теңге (98,7%).
| 2025 жылғы 1 мамырдағы облыс бюджетінің атқарылуы | ||||||||||||
| млн.теңге | ||||||||||||
| Атауы | 2025ж.01.05 нақтыланған жоспар | соның ішінде | Атқару | соның ішінде | Атқару % | соның ішінде | Игерілмегені | соның ішінде | ||||
| РБ НТ | ЖБ | РБ НТ | ЖБ | РБ НТ | ЖБ | РБ НТ | ЖБ | |||||
| Айыртау | 2 702,3 | 428,6 | 2 273,7 | 2 182,6 | 40,0 | 2 142,6 | 80,8 | 9,3 | 94,2 | -519,7 | -388,6 | -131,1 |
| Ақжар | 1 156,0 | 215,2 | 940,8 | 1 151,9 | 215,2 | 936,7 | 99,6 | 100,0 | 99,6 | -4,2 | 0,0 | -4,1 |
| Аққайың | 1 620,7 | 82,4 | 1 538,3 | 1 614,8 | 82,4 | 1 532,5 | 99,6 | 100,0 | 99,6 | -5,9 | 0,0 | -5,9 |
| Есіл | 1 510,3 | 1,8 | 1 508,5 | 1 510,2 | 1,8 | 1 508,3 | 100,0 | 100,0 | 100,0 | -0,1 | 0,0 | -0,1 |
| Жамбыл | 1 044,6 | 4,3 | 1 040,3 | 1 043,6 | 4,2 | 1 039,4 | 99,9 | 98,9 | 99,9 | -1,0 | 0,0 | -0,9 |
| М.Жұмабаев | 1 391,0 | 4,7 | 1 386,3 | 1 390,1 | 4,7 | 1 385,4 | 99,9 | 100,0 | 99,9 | -0,9 | 0,0 | -0,9 |
| Қызылжар | 2 134,4 | 82,8 | 2 051,6 | 2 070,8 | 82,8 | 1 988,0 | 97,0 | 100,0 | 96,9 | -63,6 | 0,0 | -63,6 |
| Мамлют | 1 564,4 | 212,3 | 1 352,1 | 1 520,9 | 170,2 | 1 350,8 | 97,2 | 80,2 | 99,9 | -43,5 | -42,1 | -1,3 |
| Ғ. Мүсірепов | 2 456,3 | 160,9 | 2 295,3 | 2 455,8 | 160,9 | 2 294,9 | 100,0 | 100,0 | 100,0 | -0,5 | 0,0 | -0,5 |
| Тайынша | 2 444,1 | 218,2 | 2 225,9 | 2 440,1 | 218,2 | 2 221,9 | 99,8 | 100,0 | 99,8 | -4,0 | 0,0 | -4,0 |
| Тимирязев | 750,0 | 37,1 | 712,9 | 712,8 | 1,1 | 711,8 | 95,0 | 2,9 | 99,8 | -37,2 | -36,0 | -1,1 |
| Уәлиханов | 915,6 | 0,9 | 914,7 | 899,2 | 0,9 | 898,3 | 98,2 | 98,0 | 98,2 | -16,4 | 0,0 | -16,4 |
| Шал ақын | 2 163,3 | 603,8 | 1 559,6 | 1 808,4 | 254,8 | 1 553,6 | 83,6 | 42,2 | 99,6 | -355,0 | -349,0 | -6,0 |
| Аудандар бойынша жиыны | 21 853,0 | 2 053,0 | 19 800,0 | 20 801,1 | 1 237,1 | 19 564,0 | 95,2 | 60,3 | 98,8 | -1 051,9 | -815,9 | -236,0 |
| Петропавл қ. | 16 052,4 | 474,1 | 15 578,3 | 15 855,6 | 474,1 | 15 381,5 | 98,8 | 100,0 | 98,7 | -196,8 | 0,0 | -196,8 |
| Облыстық | 138 619,8 | 16 411,8 | 122 208,0 | 138 531,6 | 16 395,5 | 122 136,2 | 99,9 | 99,9 | 99,9 | -88,1 | -16,3 | -71,8 |
| БАРЛЫҒЫ | 176 525,2 | 18 938,9 | 157 586,3 | 175 188,4 | 18 106,7 | 157 081,7 | 99,2 | 95,6 | 99,7 | -1 336,8 | -832,2 | -504,6 |