Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың қорытындысы бойынша отандастарымыздың инвестициялық кірісі зейнетақы жарналарының көлемінен асып түсіп, 3,4 трлн теңгеге жетті

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен инвестициялық кіріс 3,4 трлн теңгеге жетті. Бұл шамамен 2,8 трлн теңге болатын зейнетақы жарналарының жалпы көлемінен асып түсті. 2024 жылғы инвестициялық кіріс өткен жылмен салыстырғанда өсім көрсетті: 1,8 трлн теңге немесе 114,5%.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен салымшылар мен алушыларға 3,3 трлн теңгеден астам инвестициялық кіріс түсті. Бұл шамамен 2,6 трлн теңге болатын осы жарналардың көлемінен артық.

2024 жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша инвестициялық кіріс 231,2 млрд теңгеден астам жарналар көлемінде 26,4 млрд теңгеден асты.

2024 жылы ҚРҰБ басқаруындағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптасқан БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 17,84% болды, ал 2024 жылғы инфляция мөлшері 8,6% көрсетті.  БЖЗҚ-ның ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің кірістілігі жыл қорытындысы бойынша - 17,96%.

 

Инвестициялық кіріс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. тұрады. ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) инвестициялық портфельді үнемі әртараптандырып отырады. Яғни, зейнетақы активтері түрлі қаржы құралдарына, валюталарға инвестицияланып, нарықтағы жағдайға қарай үнемі қайта бөлініп орналастырылады. Қордың enpf.kz сайтына ай сайын орналастырылатын ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметіне жасалған шолуда, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кірістер құралдардың барлық түрлері бойынша алынғандығы көрсетілген. Инвестициялық кіріс және зейнетақы активтерін ИПБ-лардың басқаруы туралы ақпарат ай сайын enpf.kz сайтына орналастырылады. Әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінде өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар.

 

1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға жинақталған инвестициялық кірістіліктің біртіндеп өсу қорытындысы 979,95% тең болды. Ал бүкіл кезеңдегі инфляция - 827,78 %.  

Дата публикации
31 января 2025
Дата обновления
31 января 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы