Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: Еліміздің экономикасын дамытуға қатысты бүгін айтылған жоба-жоспардың бәрі нақты зерттеліп, есептеліп жасалды. Бүкіл экономикалық жүйені шұғыл түрде түбегейлі қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз. Реформаның басты мақсаты – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайту, яғни 450 миллиард долларға жеткізу.
Ел бюджеті екі негізгі мақсатқа – экономиканы дамытуға және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағдарлануы тиіс.
Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақтылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Меншікті кіріс бойынша жоспар 127 077,8 млн.теңге сомасында немесе 102,4% атқарылды (жоспар – 124 136,6 млн. теңге).
Мемлекеттік кірістер департаменті есепке алатын салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 112 565,6 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджет жоспары 67 321,3 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. – 45 244,3 млн. теңге. Нақты есепті кезеңде облыс бюджетіне нақтыланған жоспардан 114 911,2 млн.теңге немесе 102,1%, оның ішінде облыстық бюджетке 67 498,5 млн. теңге немесе 100,3%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне 47 412,7 млн. теңге немесе 104,8% түсті.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 372 666,3 млн.теңге сомада немесе 100,0% түсті.
Білім беру саласы бойынша шығыстар 2024 жылғы 168 997,4 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 100,0% (жоспар – 169 045,4 млн. теңге).
Білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 11 753,4 млн. теңгеден игерілу 11 710,1 млн. теңгені немесе 100,0% құрады.
Күрделі жөндеуге 6 316,6 млн. теңге бағытталды, игерілу 6 316,3 млн. теңгені немесе 100,0% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 5395,6 млн. теңге бағытталды, игерілу 5395,5 млн. теңгені немесе 100,0% құрады.
Денсаулық сақтау бойынша 2025 жылғы 1 қаңтардағы шығыстар 18 млрд 828,2 млн. теңгені (2-кестеге сәйкес) немесе 99,9% (жоспар 18 млрд 844,7 млн. теңге) құрады.
Денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы бойынша 7 млрд 841,0 млн. теңге бағытталды, игерілуі 7 млрд 831,5 млн.теңгені немесе 99,9% құрады.
Күрделі жөндеуге жоспар бойынша 1 426,1 млн.теңгеден игерілу 100% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жоспар бойынша
5 386,2 млн.теңгеден игерілу 100% құрады.
Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 25 803,2 млн. теңгені немесе жоспардың 97,4 % құрады (жоспар 26 487,3 млн. теңге).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 230,8 млн. теңге бағытталды, жоспар 100% пайызға игерілді (жоспар 230,8 млн.теңге).
Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 14 784,2 млн. теңгеден 14 783,1 млн. теңгені немесе 100,0% құрады (4-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 606,6 млн.теңге немесе жоспардың 100% бағытталды (жоспар 606,8 млн.теңге).
Спорт бойынша жоспардағы 19 141,9 млн.теңгеден 19 138,7 млн. теңге немесе 100,0 % игерілді (5-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 495,9 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 495,9 млн. теңге немесе 100%).
Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында жалдамалы-коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2024 жылғы тұрғын үй салуға және сатып алуға шығыстар 19 813,5 млн. теңгені құрады (98,0% игерілді). 2024 жылы республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 8 934,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 13 429,6 млн. теңге бөлінді.
Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 2025ж.01.01 жоспарындағы 10 493,6 млн. теңгеден 10 446,1 млн. теңге немесе 99,5% игерілді.
Облыстың автомобиль жолдары желісін дамытуға 2024 жылға арналған жоспардағы 40 683,9 млн. теңгеден игерілу 40 660,8 млн. теңгені немесе 99,9% құрады.