«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің бас маманы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
210087
Жалпы біліктілік талаптары
Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
- Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Тілдер және әдебиет
- Құқық
- Информатика
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Кітапхана ісі
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Қаржы
- Банк және сақтандыру ісі
- Бухгалтерлік есеп және салық салу
Функционалды міндеттер
Кіріс құжаттарына есеп жүргізеді, ішкі корреспонденцияны және поштаны даярлайды, аудан әкімінің қаралуы бойынша оның орындалу тәртібін белгілейді. Істер номенклатурасы бойынша мұрағатқа құжаттарды даярлап, тапсырады. Корреспонденциялардың жедел қаралуы, есепке алынуы, жіберілуі жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, түскен құжаттар сипатын талдайды. Азаматтарға өтініштердің қаралу нәтижесі туралы уақытында хабарлауын бақылауды қамтамсыз етеді. Түскен ұсыныстар, азаматтардың өтініштері мен арыздарын, басылған жұмыстың мазмұнын оқып, есепке алуды және оларды басшылардың қарауына уақтылы тапсыруды қамтамасыз етеді. Ақпараттық – бақылау жұмысын ұйымдастыру (жоғары тұрған органдар актілерінің орындалуын бақылайды). Бақылаудағы құжаттардың және азаматтар өтініштерінің орындалу мерзімін есепке алу бойынша жұмысты жүргізеді. Аудан әкімі аппаратында, аудандық бөлімдердегі электрондық құжат айналымы жүйесінде бақылау жүргізеді.
(Блок В)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
tabarova64@bk.ru или b.tabarova@sko.gov.kz
- 21.06.2024
- 150400, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим а., Абылай-хан көшесі, 28
-
8-715-35-22449