"Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні" өткізілді

2024 жылғы 16 қазанда Новоишимское ауылының мәдениет үйінің ғимаратында аудан әкімі Р. Аңбаевтың, аудан әкімінің орынбасарларының, ауданның аумақтық және атқарушы органдарының басшыларының қатысуымен "Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні" өтті.
Тұрғын үй беру және кезектілік, ауылдарды абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері, сондай-ақ ауылдардың әлеуметтік мәселелері келіп түсті.
Қабылдау барысында аудан әкімімен жоғарыда аталған мәселелерді шешуге көмек көрсету бойынша тиісті тапсырмалар берілді, олардың орындалуы бақылауға алынды.