Енді қазақстандықтар ЖСН-де тіркелген жер учаскелері туралы мәліметтерді тікелей өз телефонынан ала алады

Енді қазақстандықтар ЖСН-де тіркелген жер учаскелері туралы мәліметтерді тікелей өз телефонынан ала алады

❗️еGovМobile мобильдiк қосымшасында өз жер учаскелерiңiз туралы мәлiметтердi алу үшiн «Жылжымайтын мүлiк» бөлiмiн ашу және «Мемлекеттiк жер кадастрынан мәлiметтер беру» қызметiн таңдау қажет. Содан соң ЖСН бойынша Жердiң бар-жоғына сұрау салу жiберу, тiзiмнен 1-10 жер учаскесiн таңдау және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе бiр реттiк парольмен қол қою арқылы мәлiметтер алуға өтiнiм жiберу.

«Тапсырыстар тарихы» бөлiмiнде өңделген анықтамамен танысып, оны талап етiлген жерде көрсетiңiз.

☝️Естерiңiзге сала кетейiк, бүгiн қосымшада 73 қызмет пен сервис қолжетiмдi.

📲EGovМobile мобильдi қосымшасы GooglePlay және AppStore-да қолжетiмдi.