"Заң және тәртіп" тұжырымдамасы шеңберінде 2026 жылғы 21 қаңтарда ауданда жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шара өткізілді

Жарияланған күні: 23 қаңтар 2026

"Заң және тәртіп" тұжырымдамасы шеңберінде 2026 жылғы 21 қаңтарда ауданда жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және кәмелетке толмағандардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларын азайту бойынша іс-шара өткізілді, іс-шара барысында нақты автомобильдер, манекендер мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен түрлі жол апаттарының шынайы көріністері көрсетілді.

Акцияға прокуратура өкілдері, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер қатысты.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге қауіпсіздік шараларының әдістері түсіндірілді.