Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды іске асыру Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі- Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 1364 адам қатысты.

Жоба шеңберінде барлығы 1208 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 945 адам жұмысқа орналастырылды.

2023 жылы кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне дағдыларды дамыту үшін жұмыс берушілердің өтінімдер бойынша және солардың жұмыс орнында 15 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу жоспарланған. Жылдың аяғында 15 жұмысшы кадрларды кәсіптік оқытуға жіберілді (жұмыс берушілердің өтінімдер бойынша).

Еnbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн-оқытуға 83 адам жіберілді, оның 82 сертификат алды.

Кәсіпкерлік негіздеріне 77  адам оқытылды.

Халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағылардың жаңа бизнес идеяларын іске асыруы бойынша өз ісін ашуға жағдай жасау үшін қатысушыларға 30,4 млн. теңге сомасына 26 грант (жоспарда 30,4 млн.теңге сомасына 22  грант) берілді.

Жастардың кәсіпкерлік бастамасын ілгерілету мақсатында 9 адамға несие беруге 45 млн теңге қаражат бөлініп, 12 адам жалпы сомасы 51,7 млн теңгеге шағын несие алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау 263 қатысушыны жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 14 қатысушы (жоспарда - 13 адам), жастар тәжірибесіне 53 қатысушы (жоспарда - 68 адам), қоғамдық жұмыстарға 158 қатысушы (жоспарда - 107 адам), «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 22 адам (жоспарда - 22 адам), «Күміс жас» жобасына 15 адам (жоспарда - 15 адам) және «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 1 адам (жоспарда -1 адам) жіберілді.

Коныс аудару

2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Ұлттық жобана сәйкес ағымдағы жылы өңірлік жұмыс күші мол өңірлерінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Жетісу, Түркістан облыстарынан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 58  отбасын (208 адам) қабылдау жоспарланған.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 208 адамнан тұратын 68 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Осы отбасылар Алматы облысынан - 3 отбасы (10 адам), Алматы қ. – 3 отбасы (5 адам), Астана қаласынан – 34 отбасы (116 адам), Шымкент қ. – 3 отбасы (15 адам), Жамбыл облысынан – 5 отбасы (10 адам), Жетісу облысынан - 2 отбасы (7 адам), Қызылорда облысынан – 7 отбасы (11 адам), Маңғыстау облысынан – 1 отбасы (7 адам), Түркістан облысынан – 10 отбасы (27  адам)  көшіп келді.

Келген 208 адамның арасынан 103-і еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінде: (79 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, 9 адам өз ісімен айналасады, 15 адам бала күтімі бойынша), 100  бала, 4-уі студент және 1 зейнеткер.

Қандастар бойынша

2023 жылы ауданға Ресей Федерациясынан 1 қандас келді. Тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік көмек

2024 жылдың 1 қаңтарына жалпы аудан бойынша әлеуметтік көмек алушылардың саны 1183 адамды құрады.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мыналар ұсынылды:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 37 отбасынан 186 азаматқа 16717,3 мың теңге.

- 4 отбасына, 6 адамға 236,4 мың теңге тұрғын үй көмегі.

- үйде оқитын мүгедектігі бар  балалардың шығындарын өтеуге – 17 мүгедек балаға 2853,2 мың теңге сомасында.

- атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек - 940 адамға 30464,3 мың теңге.

- азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек – 34 адамға 6058,4 мың теңге.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын 8 әлеуметтік қамту орталығы және Мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығы жатады.

Бекітілген 2023 жылға арналған республикалық бюджетке сәйкес Әлеуметтік қызметтер порталы мен мемлекеттік сатып алулар арқылы:

16  мүгедектігі бар адамдар арбасын (16 кресло-арба сатып алынды);

18  сурдо-техникалық құрал (18  құрал сатып алынды);

47 тифло-техникалық құрал (47 құрал сатып алынды);

86 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып (86 құрал сатып алынды) отыр.

Кеңейтілген тізбе бойынша 116 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар) жоспарланып (116  құрал сатып алынды).

21 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр (21  адам қамтамасыз етілді).

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

2024 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 87 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. 391 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде:

- жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 9  МБА-ға жеке көмекшілер қызметі;

- 8 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

Документы
Ақпарат
22 мая 2026
«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы