
2026 жылғы 1 қаңтарға аудан бойынша 2099 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде заңды тұлғалар – 308, жеке кәсіпкерлер – 1427 және шаруа (фермер) қожалықтары – 364 бірлік.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2026 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалар – 275, шаруа (фермер) қожалықтары – 358, жеке кәсіпкерлер – 1363.
Ауданда майлы және дәнді дақылдарды өңдейтін екі ірі өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді.
«Маслодел» ЖШС тәулігіне 400 тоннаға дейін рапс, күнбағыс, зығыр майларын өндіреді. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына дейін 70 мың тоннадан астам май өндіріліп, кейіннен елден тыс жерлерге экспортталды.
«Казмил» ЖШС тәулігіне 1800 тоннаға дейін құрама жем өндіреді. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 552 мың тоннадан астам өнім шығарылып, Қытай еліне экспортталды.
«Шағын және орта бизнесті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы» аясында «North-logistik.kz», «Express-Log.KZ», сондай-ақ «Адани-Агро» ЖШС-тері жалпы сомасы 3,3 млрд теңге көлемінде субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды.
Жоғарыда аталған мемлекеттік қолдау шаралары аудан бойынша инвестициялық қызметтің дамуына және кеңеюіне ықпал етуде.
2025 жылы кәсіпкерлер өз қаражаттары есебінен 18 бизнес нысанын ашып және кеңейтіп, нәтижесінде 27 жаңа жұмыс орны құрылды.
Новоишимское ауылында «Қазақстан Бидайы» ЖШС жарма мен үлпек шығаратын зауыттың құрылысын жүргізуде, сондай-ақ шикізатты сақтау, тазалау және кептіруге арналған жабдықтар орнатылуда (сыйымдылығы 9000 тонна элеватор). Инвестиция көлемі 3,2 млрд теңгеден асады, 24 тұрақты жұмыс орны ашылады.
«Новоишимский мелькомбинат» ЖШС жылына 750 000 тонна қуаттылығы бар роботтандырылған құрама жем зауытының құрылысын аяқтау сатысында. Жобаның құны 4,1 млрд теңге, 3 ауысымда жұмыс істейтін 45 тұрақты жұмыс орны құрылады.