Пресс-релиз

«Қауымдық сервитут белгілеу туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі әкімінің шешімінің жобасына
пресс-релиз
Жоба Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасын әзірлеудің мақсаты - «Возвышенка-СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне электр беру желісін салу және оған қызмет көрсету үшін, қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,5592 гектар, жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгілеу.