Пресс-релиз
«Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің шешімі жобасына
пресс-релиз
Жоба Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасын әзірлеудің мақсаты – «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы, теміржол аумағы, жалпы ауданы 0,2320 гектар жер учаскесіне кабельдік каналдардың құрылысы үшін 49 (қырық тоғыз) жылға жария сервитут б белгілеу.