пресс-релиз
«Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің шешімі жобасына
пресс-релиз
Жоба Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасын әзірлеудің мақсаты – ««КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы, Гаражная көшесі мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 0,0061 га жер учаскесіне «Куйбышевка РМЗ» ВЛ-10кВ қызмет көрсету үшін 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгілеу.
Шешім жобасы 2025 жылғы 14 қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған, сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15399827
Ауылдық округ әкімі Ә. Букпин