Бірлік ауылдық округі әкімінің шешімінің жобасына Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының «Шектеу іс-шараларын алып тастау және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 05 маусымдағы № 9 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы пресс-релиз

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында талқылау шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын алып тастау және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 05 маусымдағы № 9 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»» шешімінің жобасы орналастырылды.
Жоба Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының м.а. 2024 жылғы 25 шілдедегі № 09-02-02/261 ұсынысы негізінде сәйкес әзірленді.
Шешім жобасын әзірлеудің мақсаты-құтыру ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Бірлік ауылдық округі, Старобелка ауылының 7/2 үйінің, Школьная көшесінің аумағында шектеу іс-шараларын алып тастау.
Шешім жобасы 2024 жылғы 25 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілерді интернет-порталында орналастырылды, сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15148725. 2024 жылдың 26 шілдесіне дейін өзекті.