«Қауымдық сервитут белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округі әкімінің шешімінің жобасына пресс-релиз
Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында талқылау шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» шешімінің жобасы орналастырылды.
Жоба Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасын әзірлеудің мақсаты – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 0,0028 га, 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге талшықты-оптикалық байланыс желісі мен телефон кәрізін төсеу және оған қызмет көрсету үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
Шешім жобасы 2024 жылғы 17 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілерді интернет-порталында орналастырылды, сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15056791. 2024 жылғы 31 мамырға дейін өзекті.