«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ әкімшілік-құқықтық және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу; Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасау; әкімшілік жазаларға ерікті түрде ақы төлеу мерзімдерін бақылау; әкімшілік жазаларға қатысты есептерді дайындау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді қамтамасыз ету; заңды сүйемелдеу; Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұйымдастыру; Басқарманың құрылтай құжаттарын әзірлеу; қол қоюға ұсынылатын құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының, оның ішінде бұйрықтардың, қаулылардың, құқықтық сипаттағы өзге де құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету; әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде материалдардың дұрыс және сапалы ресімделуін бақылау; «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау; және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Б блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
yu.panchurina@sko.gov.kz
- 02.11.2022
- СҚО, Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к, 107 каб.
-
8(7152)50-44-97