«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Сәулет
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу; Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңын білу; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) және пайдалануға берілген объектілердің мониторингі; жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімдерде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қабылдау; техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жүзеге асыру; объектілерді салу кезінде Тапсырыс берушінің (меншік иесінің) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруына және жүзеге асыруына бақылауды жүзеге асыру; техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардан ай сайынғы негізде объектілер құрылысының жай-күйі мен барысы туралы есептерді қабылдау; заңнама талаптарына сәйкестігіне объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін салыстырып тексеру және есепке алу; тексеру жүргізу туралы хабарламаға және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін келу туралы хабарламаға және өзге де қажетті іс жүргізу құжаттарына басқарма атынан қол қою және тиісті адамдарға жіберу; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

(А блогы )

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.11.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.11.2021 – 25.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.11.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 465079