Мемлекеттік қызметшілердің әдеп және мінез-құлық нормалары туралы семинар

2024 жылғы 16 тамызда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің әдеп және мінез-құлық нормалары, сыбайлас жемқорлық тәуелділіктерінің алдын алу мәселелері бойынша семинарға қатысты. Семинар барысында СҚО әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Сейілхан Серікбаев қызметкерлердің назарын мемлекеттік қызметшінің моральдық-әдептілік бейнесі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылатындығына аударды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы Диана Салгарина мемлекеттік қызметшілерге әдеп кодексін егжей-тегжейлі түсіндіріп, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер мен тыйымдарға тоқталды. Сондай-ақ, «Жол бақылауы» қоғамдық бірлестігі СҚО филиалының басшысы Павлов Александр қатысушылардың назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі шараларына аударды.