Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының шешімі жобасын жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының шешімі
жобасын жария талқылау туралы
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы
9 ақпандағы № 13/196 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының шешімі жобасы (әрі қарай - жоба) әзірленді.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы - ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы 21 қарашада аталған жоба түсіндірме жазбаларымен жария талқылау үшін орналастырылған.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.
21 қараша 2024 18:31
21 қараша 2024
21 қараша 2024