«Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 қаулысына өзгеріс енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3798 болып тіркелді):
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-қоммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Ғ. Нұрмұхамбетов