«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 14 шiлдедегi № 141-VII ҚР Заңымен «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде 2) тармақша мынадай редакцияда жазылды:
2) Азаматтық хал актілерін тіркеу органы (бұдан әрі – тіркеуші орган) - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы». Көрсетілген өзгерістер 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.
«Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 6 бұйрығымен 1,6,13,16-тармақтарға өзгерістер енгізілді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы әзірленді.
Осы жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленді, оның шеңберінен шықпайды.
Шешім жобасы Ашық НҚА-да 2024 жылдың 19 наурызында орналастырылды.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14988610
Басшының м.а. Ж.Сәдуақасов